Отты не үшін өшіріп жату керек?

Отты не үшін өшіріп жату керек?

Ертеде үй бүгінгідей орталық жылу немесе газбен жылымаған. Әр шаңырақта ашық ошақ болған. Түн мезгілінде ашық қалған ошақ қайта тұтанып қасындағы заттардың өртеніп кетуі қаупі жоғары еді. Сол үшін үйлер де өртенген жағдайлары жиі орын алған. Мұндай қауіптің алдын алу мақсатында шариғат «отты сөндіріп жату» керектігін айтқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Мысалы, Әбу Мұса әл-Ашғари (Алла оған разы болсын):

 

«Бір түнде Мәдинада адамдармен бірге бір үй өртеніп кетті.

 

Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оларға не болғанын естігенде:

 

«Расында, от сендердің дұшпандарың. Сондықтан төсекке жатар кезде оны өшіріңдер» деді», – деген (Бұһари, Мүслим).

 

Ал енді Ибн Омар (Алла оған разы болсын) пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 

«Ұйықтар алдында үйлеріңде от қалдырмаңдар», – деп айтқанын жеткізген (Бұһари, Мүслим).

 

«От қалдырмаңдар» дегені, жанып тұрған шамды, ошақты сөндіріп барып жатыңдар деп түсіну керек. Оттың толық өшкеніне көз жеткізіп барып тыныққан жөн.

 

Хафиз Ибн Хаджар отты сөндіріп жатуға қатысты:

 

«Отқа тыйым салудан мақсат – оның қайта тұтанып кету қаупі бар. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отты сөндіруге бұйырды, себебі, ұйқыға кеткен адам отқа көңіл бөлмейді», – деп түсіндірген (Фатх әл-Бари).

 

Сол үшін қазақ мұны екі сөзбен ғана жеткізген: «Қарны ашқанға ас салғызба, Суыққа тонғанға от жаққызба».

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста