От пен судың бір жерден шығуы ақырзаманның белгісі ме?

От пен судың бір жерден шығуы ақырзаманның белгісі ме?
Араб елдерінің бірінде от пен су бір жерден қатар шығып, адамдарды таңқалдыруда. Ал бұл көрініске сол жерде қарап тұрғандарды айтпағанда, экраннан көрудің өзі оңай емес. Соған қарағанда бұл құбылыстың тылсым күшке ие екенін аңғару қиын емес. Кейбір адамдар от пен судың араласа отырып бір тесіктен, бір біріне еш кедергі келтірмей ағып-тасып шығуы ақырзаманның, яки қиямет күнінің белгісі деп отыр. Бұған қатысты Сіз не дейсіз?

 

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен! Әлемдердің Раббысы Аллаға мақтау-мадақтар, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) және оның отбасына әрі барлық сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын!

Ата дінін ардақтайтын әр мұсылман үшін иман қымбат. Ал иман – оның шарттарын жүрекке мықтап бекітпейінше, толық болмасы белгілі. Халқымыз үшін дәстүрлі Ханафи мәзһабы ғұламаларының пікірі бойынша ақиретке иман келтіру – иманның басты тірегі. Ақирет күнінің уақыты Жаратқан иеміз Алла тағалаға ғана мәлім. Дегенмен қиямет сағатының жақын қалғанын білдіретін белгілері бар. Бұл белгілерді Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.﴿ хадистерінде айтып кеткен болатын.

Кәміл иманды мүмін әлемдегі тіршілік атаулының осы дүниедегі ғұмыры тұйықталар күннің боларына шүбәсіз иман келтіреді. Жалпы, қияметтің орнауы жайлы Алла тарапынан түскен кітаптардың барлығында айтылған. Кең тараған ұғым болғандықтан, ешқандай діни негізі жоқ алып-қашпа әңгімелер де көп айтылады. Әсіресе шетелдік басылымдарда қоғамға үрей салатын мақалалар жиі жарық көруде. Соңғы кезде, әсіресе ғаламтор желілерінде «ақырзаман болады-мыс» дейтін ақпараттардың да тарап жүргені жасырын емес.

Алайда асыл дініміздің бастау бұлағы саналар Құран мен Сүннетте қияметтің қашан болатыны тек Аллаға ғана мәлім екені айтылған. Мысалы, «Нәмл» сүресінің 65-аятында: «Көктер мен жердегі көрместі Алладан басқа ешкім білмейді» делінеді. Ал қияметтің белгілері жайлы Құран аяттары мен Пайғамбарымыздан сахих тізбекпен жеткен хадистер жайлы Ислам ғұламаларының том-том кітаптары көп.

Дініне берік әр мұсылман қияметтің белгілеріне ой жүгіртіп, пікір қылуы сауапты іс. Себебі мұнда ақырғы күнге даярлық, Алла алдындағы сұрақ-жауапқа әзірлік, өлімді еске алу тәрізді дініміздің басты бұйрықтарына мойынсұнушылық жатыр. Ал Қиямет күніне бейқамдық мұсылман пенделерді иманнан алыстатып, тақуалықтан тосады һәм қиямет азабын ұмыттырады.

Қазіргі күнгі қияметтің алдында өмір сүрудеміз. Әһли сүннет ғалымдарының басым көпшілігінің пікірінше, Қияметтің кіші белгілері бүгінгі күні айналамызда болып жатыр.

Илаһи кітаптарда айтылғандай, қияметтің белгілері – кіші белгілер және үлкен белгілер деп екіге бөлінеді. Ол күн жайлы Алла тағала өзінің «Ағраф» сүресінің 187-аятында:

«(Мұхаммед ﴾с.ғ.с.﴿!) Олар сенен Қияметтің қашан болатындығын сұрайды. «Шынында, оның мәліметі Раббымның қасында, Оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (Қиямет) сендерге кенеттен келеді», – де. Олар сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. «Шынында, оның білімі Алланың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді», – деп айт»

Тағы бір аятта:

«(Мұхаммед ﴾с.ғ.с.﴿!) Адамдар сенен Қиямет мерзімін сұрайды. Оларға: «Оның білімі Алланың қасында: қайдан білесің, мүмкін, мерзімі жақын шығар», – деп айтқын», – дейді. («Ахзаб» сүресі, 63-аят.)

Мысалы, Пайғамбарымыз Мұхаммед ﴾с.ғ.с.﴿ Хузайфадан ﴾р.а.﴿ жеткен хадисінде:

«Біз жиналып Қиямет күнін еске алып отырғанымызда, Нәби (оған Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Сендер не мәселені талқылап отырсыңдар?» – деді.

- Қиямет күнін еске алып отырмыз.

- Сендер он белгіні көрмей Қиямет күні болмайды. [1]

Хадисте айтылған он белгі тәпсірші ғалымдардың пікірінше, Қиямет күнінің жақындауының үлкен белгілеріне жатады.

Ал Қиямет күні жақындауының үлкен белгілерінің кіші белгілерінен ерекшелігі:

Осы уақытқа дейін үлкен белгілердің ешбірі болмады, болған жағдайда толассыз бірінен соң бірі қатар келеді.

Көптеген хадис шәрифтерде Қияметтің он белгісі болатыны жайлы хабар берілген: Қияметтің үлкен белгілері үзіліп түскен моншақтай бірінің артынан бірі сау етіп келеді. Абдуллаһ ибн Амрден ﴾р.а.﴿ жеткен хадисте Алла елшісі ﴾с.ғ.с.﴿: «Үлкен белгілер жібі үзілген моншақ сияқты төгіледі» - десе, (Ахмад). Әбу Һурайрадан ﴾р.а.﴿ жеткен хадисте Пайғамбар ﴾с.ғ.с.﴿: «Үлкен белгілер бірінің артынан бірі шығады. Олар тізбектегі моншақтардай бірінен кейін бірі келеді», - деген.

Үлкен қияметтің алғашқы белгісі көп. Тоқталар болсақ, Мәһдидің шығуы, Хазіреті Исаның көктен түсуі, Даббәтул арздың келуі, Йәжуж және Мәжуж қауымының шығуы, дүниені түтін қаптайды, күн батыстан шығады, жер бетін оттың шарпуы, жерлердің шөгуі, Қағбаның құлатылуы үлкен он белгіге жатады.

Алла елшісі көптеген хадистерінде: «Баласы әкесіне қарсы шықпайынша, жаңбыр азаймайынша, жаман адамдар көбейіп, жақсылар азаймайынша, кішілер үлкендерге қарсы келмейінше, жақсылардың қарсысына жамандар шықпайынша, қиямет болмайды», - деген болатын.

Иә, ғалымдар: «Қияметтің жақындау белгілері – бұзықтық пен әдепсіздіктің жайылуы; көршілердің хақысының бұзылуы; туыстық қатынастардың үзілуі. Опасыздың сенімге ие болып, аманат жүктелген адамның қиянатқа баруы; білімнің жоғалуы (беделінің жоғалуы), сауатсыздықтың төрге шығуы, жезөкшеліктің жер жүзін қаптауы, арақ ішудің күнделікті әдетке айналуы, елу әйелге бір күйеу болатындай дәрежеде еркектердің санының азаюы қиямет белгілеріне жатады», - деген.

Үлкен қияметтің алғашқы белгісі – Мәһдидің келуі. Хадистерде айтылғандай, Мәһдимен бірге қияметтің біраз кіші белгілері де қатар көрінеді.

1. Хазіреті Мәһди келеді.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Қиямет-қайым болмастан бұрын Алла тағала менің ұлдарымнан есімі менің есімім, әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей болатын бір құлын жаратады. Одан бұрын дүниені зұлымдық қаптап, оның заманында дүние әділеттікке толады».

‏Тағы бір хадисте:

«Мәһдидің төбесінде әрдайым бір бұлт қалқып жүреді. Бұлттан бір періште: «Бұл – Мәһди, оның сөзіне құлақ салыңдар!», - дейді», - деген. (Әбу Нуайм)

2. Дәжжал (Тәжал) шығады.

«Дәжжал» сөзі – өтірікші, алдампаз деген мағынаны білдіреді. Адамзат тарихындағы ең үлкен өтірікші осы Дәжжал болғандықтан, ол бұл есіммен аталған. Сондай-ақ оның Мәсих Дәжжал деген де аты бар. Ибн Әсир: «Оның «Мәсих» деп аталуы – көзінің сипалып, жабылып қалғандығынан, ал «Дәжжал» деп аталуы оның жалғаншы болғандығынан», – деген. Ал Исаның (а.с.) «Мәсих» деп аталуына келсек, ол адамдарды сипап, ауруларын жазатын. Хадис шәрифте былай делінген:

«Дәжжал шығып, өзінің тәңір екендігін айтады. Оның тәңірлігіне сенген адам кәпір болады» .

Дәжжалдың шығатын жері. Әбу Бәкірден ﴾р.а.﴿ жеткен хадисте Алла елшісі ﴾с.ғ.с.﴿: «Шындығында, Дәжжал шығыстағы Хорасан деген жерден шығады» деген. Дәжжалдың ең әуелі қамтитын аумағы Шам мен Ирак арасы болады. (Анығы Аллаға аян!). Науас ибн Сәмъаннан жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﴾с.ғ.с.﴿: «Дәжжал Шам мен Ирактың арасындағы тастақты жерден шығады» деген.

Дәжжалға еретіндер

1. Яһудилер. Әнәстан ﴾р.а.﴿ жеткен хадисте Пайғамбар ﴾с.ғ.с.﴿: «Дәжжалға жетпіс мың яһуди ереді», - деген. Яһудилердің сенімі бойынша, Алла тағала оларға Дәуіттің нәсіліне жататын бір патша жіберуді уәде еткен. Сондықтан олар сол патшаны күтумен келеді. Патша оларға яһуди мемлекетін құрып береді. Олар оны өз кітаптарында «әл-Мисиях» деп атайды. Олардың діни рәсімдерінде арнайы дұғалар бар. Сол бойынша яһудилер Дәжжал тезірек шықса екен деп тілейді. Олар арнайы бір күнді «яһуди пасхасы» деп тойлап, ол күні ерекше дұғалар айтады.

2. Кәпірлер мен мұнафиқтар. Әнәс ибн Мәликтен ﴾р.а.﴿ жеткен хадисте Алла елшісі ﴾с.ғ.с.﴿: «Мекке мен Мәдинадан басқа, Дәжжал аяқ баспаған бірде-бір қала қалмайды. Екі қаланың кіреберіс қапталында періштелер сап түзеп, қорғап тұрады. Сөйтіп, Дәжжал Мәдинаның сыртындағы сортаңға тоқтайды. Сонда Мәдина үш рет сілкінеді де, одан әрбір кәпір мен мұнафиқ (Дәжжалға еру үшін) қаладан шығады» – деген.

3. Надан бәдәуилер. Әбу Умәмә әл-Бәһилиден ﴾р.а.﴿ жеткен хадисте Пайғамбар ﴾с.ғ.с.﴿ былай деген: «Ол бір бәдәуиге: «Егер әке-шешеңді тірілтсем, менің Раббың екеніме сенесің бе?» – дейді. Бәдәуи «Иә» деп жауап береді. Сонда оның әке-шешесінің бейнесіне кірген екі шайтан оған келіп: «Балам оған ілес! Расында, ол сенің Раббың!» деп айтады [4] – деген.

3. Хазіреті Иса көктен түседі.

Құран Кәрімде былай делінген:

«Алланың расулы Мәриям ұлы Исаны өлтірдік дегендері үшін яһудилерді лағнет еттік. Олар оны өлтірмеді де, аспады да. Өлтірілген адам олардың көздеріне Иса болып көрсетілді».

«Хазіреті Иса көкке көтерілген».

«Әлбетте ол – (Хазіреті Исаның қияметке жақын көктен түсуі) қияметтің жақындағанын көрсететін белгі. Бұған күмәнданудан сақтаныңдар!» (Зухруф сүресі, 61-аят)

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

Сондай-ақ Әбу Һурайра ﴾р.а.﴿ риуаят еткен келесі бір хадисте Пайғамбарымыз ﴾с.ғ.с.﴿: «Сендерге Мәриямның ұлы әділ басшы болып түседі. Крестерді сындырады, шошқаларды өлтіреді, жизияны жояды. Мал-дүниені жайына қалдырады, оған ешкім ұмтылмайтын болады. Дұшпандық, жеккөрушілік және қызғаныш жоғалады», – деген.

«Он белгісі шықпай тұрып қиямет болмайды. Оның бірі – Исаның көктен түсуі».

4. Даббәтул арз шығады.

Бұл жайында хадис шәрифте былай хабар берілген:

«Даббәтул арз Мұса (а.с) аса таяғын мұсылмандарға тигізгенде олардың маңдайында “Жәннаттық” деп жазылып, жүздері нұрланады. Ал кәпірлерді Сүлейман пайғамбардың мөрімен соққанда, олардың маңдайында “Жаһаннамдық” деп жазылып, жүздері қарайып кетеді».

Бұл жануар туралы Құран Кәрімде де хабар білдірілген. (Нәмл, 82)

5. Йәжуж және Мәжуж қауымы шығады.

Құран Кәрімде былай делінеді:

«Йәжуж-Мажуж ағытылып, әрбір төбеден келгенге дейін. Ол шын уәде (Қиямет) таяса, сол уақытта қарсы болғандардың көздері шарасынан шығып: «Әттеген-ай! Біздің бұдан қаперсіз болғанымыз қандай өкініш! Негізінде, біз залым болған екенбіз», – деп айтады. (Әнбия сүресі, 96-97-аяттар)

Хадис шәрифте де былай білдірілді: «Йәжуж бен Мәжуж қауымы қияметтің алғашқы белгілерінің бірі болады». (Ибни Жәрир)

6. Дүниені түтін қаптайды.

Құран Кәрімде:

«Аспаннан түтін шығатын күнді күтіңдер!» делінген. (Духан сүресі, 10-аят)

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Түтіннің әсері мұсылмандарға тұмау секілді жеңіл, ал кәпірлерге өте ауыр тиеді». (Әбу Дауд)

7. Күн батыстан шығады.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Күн батыстан тумай тұрып қиямет болмайды. Ол кезде барлық адамдар иман келтіреді. Алайда имандары өздеріне пайда бермейді».

Құран Кәрімде былай делінген:

«Раббыңның кейбір аяттары (белгілері) келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімінде бір қайыр істемеген адамның иманы ол күні пайда бермейді». (Әнғам сүресі, 158-аят).

Ғалымдар бұл аяттағы белгілердің бірі – күннің батыстан шығуы деп білдірген. Жоғарыдағы хадис шәрифте де мұны көрсетуде.

8. От шығады.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Хижаздан шыққан от Басрадағы түйелердің мойындарын жарқыратады». [10]

9. Жерлер шөгеді.

Пайғамбарымыз ﴾с.ғ.с.﴿ бізге өз сөзінде қияметтің белгілерінен үш жерде жердің шөгуі болатынын білдірген.

Пайғамбарымыз ﴾с.ғ.с.﴿ айтады: Сендер қияметтің он белгісін көрмей, қиямет-қайым болмайды деп. Оның үшеуін «Шығыс пен батыста және жәзиратул-арабта жердің шөгуі, батуы көрінеді».

Умму Сәләмадан тағы бір хадисте: Мен Пайғамбардан ﴾с.ғ.с.﴿: Ол ﴾с.ғ.с.﴿ «Мен өмірден өткеннен кейін үш жерде жер шөгуі болады, біреуі – шығыста, екіншісі – батыста, үшіншісі – араб жазирасында» – деді. Сонда мен: «Ей, Алланың Елшісі! Жер бетінде жақсы адамдар болса да жер шөге ме?» – деп сұрадым. Сонда Алланың елшісі ﴾с.ғ.с.﴿: «Жер бетінде адамдардың көпшілігі бұзылса» – деді.

10. Қағба құлатылады.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Қара нәсілді адам қағбаны құлатады. Дәл қазір оның қара қолдарымен Қағбаның тастарын біртіндеп бұзып жатқанын көріп тұрмын». Алла елшісі (с.ғ.с.) хадистерінде:

«Баласы әкесіне қарсы шықпайынша, жаңбыр азаймайынша, жаман адамдар көбейіп, жақсылар азаймайынша, кішілер үлкендерге қарсы келмейінше, жақсылардың қарсысына жамандар шықпайынша, қиямет болмайды»;

«Қияметтің жақындау белгілері: бұзықтық пен әдепсіздіктің жайылуы; көршілердің хақысы өтелмеуі; туыстық қатынастардың үзілуі. Опасыздың сенімге ие болып, аманат жүктелген адамның қиянатқа баруы»;

«Білімнің жоғалуы (беделінің жоғалуы), сауатсыздықтың төрге шығуы, жезөкшеліктің жер жүзін қаптауы, арақ ішудің күнделікті әдетке айналуы, елу әйелге бір күйеу болатындай дәрежеде еркектердің санының азаюы қиямет белгілеріне жатады»,− деген.

Міне, осы хадистерде баяндалған қиямет белгілерін халқымыз:

Атаның тілін ұлы алмас,

Ананың тілін қызы алмас,

Айта беріп қайтейін,

Өлінің тілін тірі алмас.

Жақыннан шыққан жақсыны

Ағайын жұрты көре алмас.

Заман ақыр белгісі –

Бірге туған бауырың

Тату да болып жүре алмас. [17]

***

Ақыр заман адамы аласа туады,

Аласа болса да таласа туады,

Қулық-сұмдықты ойлай туады,

Жамандыққа бойлай туады. [18]

***

Деседі «асыл тастан, ақыл жастан»,

Өлмей ме жақсы адам жұрттан асқан.

Ұғыл – ата, қыз ананың тілін алмай,

Кез келдік сұм заманға қарсыласқан. [19]

***

Болғанда ақыр заман су тартылар,

Жігітке қарап тұрған қыз артылар, – деп сипаттайды. Міне, осы секілді мәліметтерді халқымыздың хадистерден алып үйренгенін жоғарыдағы өлең жолдарынан көруге болады.

Қазіргі таңда ақырзаман болады деп дүрлігіп жүрген қауымға айтарымыз, ақырзаман болатыны ақиқат. Бірақ қай уақытта болатыны, қашан болатыны бір Аллаға мәлім. Ақырзаман болады деп дүрлікпей, ақыретке қандай амалымызбен баратынымызды ойланғанымыз абзал сияқты. Хазіреті Омар (р.а) халифа болып тұрған кезінде ел аралап жүріп, қаланың шетінде жер қазып жатқан бір ақсақалға кезігеді. Халифа ақсақалдан:

- Ей, ақсақал, не істеп жатырсыз? – деп сұрайды.

Сонда ақсақал: - Жасым болса келген қарт адаммын, артымда ұрпағым жоқ. Мен өлгеннен кейін осы қабірге қояр деп өзіме қабір дайындап жатырмын - деп жауап береді.

Сонда Хазіреті Омар:

- Ей, ақсақал, сен өлгеннен кейін сені ешкім далаға тастамайды. Өзіңе қабір дайындағанша, өзіңді қабірге дайында. Қияметте Алла тағаланың алдына қандай амалыңмен баратыныңды ойлағайсың, - деп жауап береді.

Әнәс (р.а) жеткен риуаятта:

«Бір адам Пайғамбарымыз Мұхаммедтен ﴾с.ғ.с.﴿:

– Уа, Расулалла, қиямет қашан орнайды? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед ﴾с.ғ.с.﴿ әлгі адамға:

– Сен қияметке не дайындадың? – деп сұрады.

– Уа, Расулалла! Қияметке дайындаған ештеңем жоқ. Бірақ мен Алла мен оның елшісін жақсы көремін, – деді.

– Пайғамбарымыз Мұхаммед ﴾с.ғ.с.﴿ сен кімді жақсы көрсең, солармен бірге боласың деп жауап берді».

Иә, құрметті жамағат, бізде ақиретке қандай амалымызбен баратынымызды ойлайық. Пайғамбарымыздың келуінің өзі қияметтің белгілері болып табылады.

Сөз соңында айтарым, әлемдердің Раббысы Алла тағалаға мадақтар айтамыз, баршамызды Алла тағала қияметтің қиыншылығынан, сол күні болатын уайым қайғыдан, қабір азабынын, тозақ отынан аман болып, жүзіміз жарқын, иманымыз кәміл, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﴾с.ғ.с.﴿ ақ туының астында «ләә иләһәә илалла» деп жұмаққа кіруімізді баршамызға нәсіп етсін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста