Орысша сөйлеуйтін адмға намаз оқуға бола ма?
Құдай жер бетіндегі барлық адамзатты жаратты. Дүниеде қанша халық, ұлт пен ұлыс, қауым мен тайпа болса, солардың әрбірінің өз тілі мен мәдениеті, салты мен дәстүрі бар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Ислам адамның тіліне, нәсіліне немесе ұлты мен жынысына, түсі мен мансабына қарап ажыратпайды. «Құдай бір, пайғамбар хақ» деп иман келтірген [шәһадат кәлимасын айтқан] әрбір азамат мұсылман саналады.
Исламда әрбір адам өзінің қалаған тілінде сөйлеу құқығына ие. Бұған ешқандай шектеу жоқ. Дегенмен, абзалы әр азамат өз ана тілін білгені жөн.
Әрбір ұлттың тілі, ділі, діні және тарихы мен мәдениеті ана тілімен берілетінін естен шығармау қажет.
Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», – деген. Әсіресе, мына жаһандану заманында ұлт өзінің ұлттық нақышын сақтап қалуы үшін ана тілін білу міндеті бірнеше мәрте артты десек артық болмас.