Оразаның қарызын өтегенде қандай дұға айтылады?

Оразаның қарызын өтегенде қандай дұға айтылады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза, қарыз оразасына қатысты жиі қойылатын сауалдарға жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі zharar.com-ға сілтеме жасап.

Қарыз, қаза оразаның уақыты және дұғасы

 

Медет Құрмашұлының айтуынша, өткен оразадан қарызы қалған адамдар қаза оразаны Ораза айттан кейін, бөліп те, арасын үзбей ұстауға да болады.

 

"Қаза оразаны өтеген кезде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтында тұрған намаз кестесін негізге алған жөн. Таң намазының уақытына дейін ас-суыңызды ішіп, "Рамазан айынан қалған қаза оразаны ұстауға ниет еттім" дейсіз. Ал кеште Шам намазының уақыты кірген сәтте қазақша дұға қылып, аузыңызды аша берсеңіз болады", - деп түсіндірді ҚМДБ маманы.

 

Қаза, қарыз оразаның ниеті:

 

"Ниет еттім Алла разылығы үшін осы жылғы Рамазан оразасынан қалған ... күндік қаза оразаларымның бірінші күнін өтемекке. ХалисалиЛләһи Тағалә".

 

Сәресіде айтылатын дұға:

 

نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرُ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى

 

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

 

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

 

Ауызашарда оқылатын дұға:

 

اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِرَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ

 

Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».

 

Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

 

Қаза оразаны қай уақытқа дейін өтеген дұрыс?

 

"Қаза оразаны келесі Рамазан айына дейін ұстап біткен жақсы. Ұзақ созып, жүріп алмай, тездетіп құтылған абзал", - дейді Медет Құрмашұлы.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста