Оразаның мұстахаптары қандай?

Оразаның мұстахаптары қандай?

Рамазан айында жасалатын сауапты амалдар жетіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Солардың маңызды бірнешеуін тоқталсақ.

 

Оразаның мұстахаптары:

 

1.      Бір жұтым су да болса сәресіде тұрып, ішіп-жеу. Бұған пайғамбардың (с.ғ.с.): «Сәресін ішіңіздер, өйткені сәресіде береке бар», – деген хадисі дәлел болмақ (Бұхари және Мүслим).

 

2.      Ақшам намазы кірген уақытта намазға тұрмай тұрып ауыз ашу. Намазда адам көңілі ауыз ашуға ауып тұрғандықтан, ауыз ашу мұстахап. Ауызды құрма немесе сумен ашу – сүннет.

 

3.      Ауызы берік жандармен бірге ауыз ашу және міскіндерге қарасып, кедейлерге қол ұшын беру де мұстахаб амалына жатады. Пайғамбар (с.ғ.с): «Ауызы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаушының сауабындай (марапат) алады. Ауызы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деп айтқан (Термези, Ибн Мажаһ).

 

4.      Таң уақыты кірмей жүніптік, хайыз және нифастан тазалану. Мұндай кезде судың тамаққа кетіп қалмауын қатты қадағалау керек. Әйелдің хайыз немесе нифас мерзімі түнде аяқталып, оразаға ниет етсе және жүніп кісі бой дәрет алмай ораза ұстаса, оразасы жарамды. Бірақ, алғашқы мүмкіндікте ғұсыл алғаны жөн.

 

5.      Ауызы берік адамның жақсы сөздер сөйлеуі, бос сөз бен орынсыз іс-қимылдардан бойын аулақ ұстауы – мұстахап. Пайғамбар (с.ғ.с): «Жалған сөйлеу мен жалған әрекет қылуды қоймаған адамның ішіп-жеуді ғана доғаруы Аллаға қажет емес», – деп айтқан.

 

6.      Ауызы берік адам бос уақытын нәпіл (қосымша) құлшылықпен, ғылым іздеумен, Құран оқумен, зікір мен салауат айтумен өткізуі лазым. «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Рамазан айында Жәбірейіл екеуі бір-біріне кезекпе-кезек Құран оқытып, тыңдасатын» (Бұхари).

 

7.      Рамазан айының ақырғы он күнінде иғтикафқа (мешітте болып, құлшылыққа берілу) кіру – сүннет және т.б.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста