Ораза қашан аяқталады?

Ораза қашан аяқталады?

Биыл бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Ораза қашан аяқталатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ораза - 2023 қашан аяқталады?

Рамазан айы 23 наурызда басталған еді. Ал Ораза 20 сәуірде аяқталады. Демек, ауыз бекіткен жандар 20 сәуірде кешке ауыз ашып, 21-іне қараған түні ауыз бекітпейді. Өйткені 21 сәуір ораза айт мерекесі саналады. Ораза айт күні ауыз бекітілмейді.

"Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл рамазан 23 наурызда басталады. Ал сәуірдің 17-нен 18-іне қараған түн - қасиетті Қадір түні. 21 сәуір - ораза айт мерекесі", - деген еді ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ораза - 2023. Рамазан айының соңғы он күні қашан?

Рамазан айының соңғы он күні басталып кетті. Бүгін - Рамазанның жиырма екінші күні. Дін мамандары Қадір түні осы соңғы он күн ішіндегі бір тақ күнге сай келуі мүмкін екенін де айтады. Алайда ресми бекітілгені - 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн.

"Мұсылмандар айрықша мән беретін соңғы он күннің тақ түндерінің бірі мың айдан да қайырлы Қадір түні екені хадисте айтылған. Ендеше 83 жыл 4 ай ғибадат жасағанның сауабы берілетін Қадір кешін құр өткізіп алмайық!" - делінген мүфтият хабарламасында.

Ораза - 2023. Шәуал айының оразасын қашан ұстауға болады?

Ораза айттан кейінгі күннен бастап Шәуал айына орай алты күн ораза ұстауға болады. Ғалымдар Рамазанда ұсталған парыз ораза он еселеніп, үш жүз күннің есебіндей болатынын, ал Шәуал айындағы алты күнді қосқанда, 365 күн, яғни бір жылға татитынын айтады.

Айта кетейік, өңірлерге арналған Ораза 2023 кестесін мына жерден білуге болады.

Еске салайық, бұған дейін биылғы пітір садақа мөлшері белгіленгені хабарланған болатын. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста