Ораза айт – 2023: қашан басталады және ауыз бекітуге бола ма

Ораза айт – 2023: қашан басталады және ауыз бекітуге бола ма

Ораза айт – барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам
"Айт" сөзі – "мерекелеу", "хал сұрасу", "бір-бірін қуанту", "қуанышқа топталу" деген мағынаны білдіреді. Ораза айт мейрамында жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайды.


2023 жылы Ораза айт қашан болады
Тарихи мәліметтерге сүйенсек, Ораза айт 624 жылдан бері аталып өтеді. Әнәс (р.а.) былай риуаят етеді: "Расулуллаһ Мәдинаға келген кезінде мәдиналықтардың тойлайтын екі күндері бар болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл екі күнді не үшін атап өтетінін сұрады. Олар: "Исламнан бұрынғы дәуірде біз бұл екі күнді көңіл көтеріп, атап өтетін едік" - деп жауап берген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға қарап былай деді: "Алла ол екі күннің орнына сендер үшін әлдеқайда қайырлысын берді. Біріншісі Құрбан айт, екіншісі Ораза айты".
Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті. Алла Тағала: "Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн..." дейді.
Биыл Рамазан айы 20 сәуірде аяқталады. Ал 21 сәуір – Ораза айттың бірінші күні. Мейрам үш күнге, яғни 23 сәуірге дейін созылады. Бұл күндері елімізде ресми демалыс қарастырылмаған.
Отыз күндік оразадан кейін келетін бұл мерекені халқымыз қашанда ерекше сезіммен, зор қуанышпен қарсы алған.


Ораза айтта не істеу керек
Ораза айттың алғашқы күні мешіттерде жамағатпен айт намазы оқылады.
Әр мұсылман айт намазына жуынып-шайынып, дәрет алып, ең әдемі әрі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп барады. Сонымен қатар, мешітке бармас бұрын бір-екі құрма жеп, дәм ауыз тиген абзал. Бұл оразаның аяқталғанының белгісі.
Егер кімде-кім пітір садақаны беріп үлгермесе, Ораза айт намазы оқылғанға дейін беріп тастауы қажет. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жай садақа болып қалады. Биыл пітір садақаның мөлшері – 535 теңге.


Ораза айт күні ауыз бекітуге бола ма
Хадистерде: "Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын" деп айтылған.
Сондықтан Ораза айттың бірінші күні мұсылмандар ораза күні сияқты сәресін ішпейді, күндіз ауыз ашық болады.
Рамазан айынан қалған қаза оразаны айттың екінші күні, яғни 22 сәуірден бастап ұстай беруге рұқсат етіледі.


Ораза айт қалай тойланады
Ораза айт мейрамында әрбір мұсылманның шаңырағында шелпек, бауырсақ пісіріліп, мерекелік дастарқан жайылады. Туған-туысқан, көрші-қолаң бір-біріне қонаққа барып, Айт мерекесімен құттықтайды, сыйлық береді. Ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап, өкпе-назын ұмытады.
Дәстүр бойынша бұл күні мұсылмандар бір-біріне "Ораза айт қабыл" болсын" деп жылы лебіздерін білдіреді.
Ораза айт – отбасылық мереке. Айт күндері ата-анамызды, ұл-қыздарымызды, аға-бауырларымызды қуанышқа кенелтіп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен мүгедек жандарға көмектесудің сауабы мол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста