"Нағыз жұмақ деп ойлаған едік": Қазақ қызы Сирияда көрген қорлығын айтып берді

БҚО-да белгілі ақын Ұлдай Сариева Сирияда қорқынышты күндерді басынан өткерген қазақ қызымен сұхбаттас болыпты. Бұл туралы «Замана» басылымы жазды.
1988 жылы Сырым ауданында дүниеге келген Жанар (есімі өзгертілген) алты жыл бұрын Пәкістанда жүрген Ресей азаматымен желі арқылы танысып, оған тұрмысқа шығу үшін жолға шығады.

Дағыстан жігітіне тұрмысқа шығуды қалаған қазақ қызы 2011 жылы 12 сәуірде елден қашып, болашақ күйеуі Асбекке жетеді. Онымен некесін қиып, кейін отбасымен Сирияға көшіп барған арудың өмірі тозаққа айналған.

«2015 жылы екі баламызды алып, Сирияға кеттік. Түркияда тұрғанымызда Сирия туралы бейне­роликтер қарадық. Әдемі түсірілген роликтер. Аурухана, жақсы дәрігерлер, балалар ойнайтын парктер… Тұрмыс тегін, нағыз жұмақ болар деп ойлағанбыз», - деп ағынан жарылды Жанар.

Жанар Сирияға жете салысымен ондағы әскерилер бар құжатын тартып алып, күйеуін өзге жаққа алып кеткенін есіне алды.

«Барақта тұрам деп ешқашан ойлаған жоқпын. Барамыз, бізге тегін үй береді, бәрі тегін, рахат, мұсылмандар арасында тату-тәтті өмір сүреміз деп ойладық. Бізді Ракка қаласына апарды. Адам тұратын жер емес. Күйеуімді бірден алып кетті… Әйелдерді балаларымен үш бөлмелі үйге орналастырды. Әйелдер балаларымен сол үйден шықпай отырып, күйеулерін күтеді. Кішкентай бір бөлмеде 15 адам тұрдық. Сыртқа шығармайды. Балалар ауыра бастады, ал емдейтін дәрігер жоқ», - деп жалғастырды Жанар.

Келіншек күйеуін үш ай бойы көрмеген екен.

«Күйеуімді соғысқа салмады. Қару қоймасында істеді. Сирияға барған отбасын сол күні-ақ екі жаққа бөліп жібереді. Күйеулері басқа жерде шариғат сабағын алады, әскери дайындықтан өтеді. Ал әйел баласы қамауда отырады. Сол әкеткеннен күйеуімді үш ай көрмедім. Үш айдан соң ол келіп, бізді басқа қалаға алып кетті», - дейді Жанар.

Келіншек Сириядағы тозақ күндерін есіне алды.

«Алдап шақырып алады, келдің бе, кері кете алмайсың, ол жақтан кері шығу өте қиын. Еркектерді жертөлеге 2-3 ай қамап, сол жерде жаза­лайды, өлтіреді. Кетіп бара жатқан адамды «кафирлар» дейді. Өлтіріп тастайды да, отбасына «жол апатынан өлді» деп өтірік айтады... Баласын анасының көзінше өлтіріп жатыр немесе керісінше. Әйелдерді құлдыққа сатуда. Күйеуі өлген соң әйел төрт ай қара жамылып отырады. Төрт айдан соң «күйеуге шық» деп мазасын ала береді.

Ал күйеуге шықпасаң, күн көре алмайсың, ауырсаң, қарамайды. Бір бөлмеде он бес шақты әйел отырады, су, тамақ бермейді. Әйелдер амалсыздан күйеуге шығып жатыр. Кейбірі 5-6 рет шықты. Еркектер әйел етіп алады да, 3-4 күн немесе бір аптадан соң талақ береді. «Маған ұнамадың» дейді. Ештеңе істей алмайсың.

Талақ болған «сестраны» жаңағы үйге апарып, лақтырып тастайды. Әйел сосын 4 ай иддасын күтіп тағы да отырады, 4 айдан соң тағы күйеуге шығады, сөйтіп қолдан-қолға өтіп жүреді. Күйеуі өлсе, әйелді тұрған үйінен қуып шығады», - деп жалғастырды Жанар.

Келіншек Сириядан қалай қашып шыққанын айтып берді.

«Қашып шығам деген адамдарды алып шығатын жолбастаушы болады. Ол адамды әрең іздеп таптық. 800-ден 4 мың долларға дейін ақша алады. Мені күйеуім отырғызып жіберді. Себебі, ер адамдарға жол жоқ. Қасымда балаларымен басқа да «сестралар» болды. Кассехаға жеткен соң бізді көліктен түсірді.

Сол жерде бізді Түркияға апармайтынын, орта жолда далаға тастап кететінін түсіндік. Бір тәулік жаяу жүрдік. Күн салқын, балалар қызуы көтеріліп, ауырып қалды. Түнде жолда түнеп, таң атқан соң тағы да жолға шықтық. Түс ауа жолда әскерилер кезікті. Күрдтер екен. Біз оларға барып берілдік.

...Олар бізді көліктеріне отырғызып, өздерінің базасына апарды. Тағы да тергеу басталды. Түнге дейін солардың қарауында отырдық. Олар бізге тиіскен жоқ, су, тамақ берді, балаларға тәтті үлестірді. Бізді бұрын ДАИШ-тың адамдары «Егер күрдтердің қолына түссеңдер, сендерді зорлайды, балаларыңды қорлап өлтіреді» деп қорқытқан болатын.

Сол себепті көп мұсылмандар жолға шыға алмай, қорқып отыр. Күрдтер «Қорықпаңдар, тиіспейміз» деді. Бұл жерде әйелдер отыратын түрме бар екен. Бізді сонда отырғызды. Төрт қабатты сол үйде ұсталған әйелдер балаларымен отыр екен. Оларды елдері сұратпаса, тергеу біткенше сол жерде отырады екен.

Түрмеде бір жарым ай отырдым. Қамап тастады, әжетханаға сұранасың, шығарғысы келсе, шығарады, көңілі соқпаса, солай қысылып отыра бересің… Бір күні бізді – 14 әйел, 23 баланы Камышлы деген жердегі босқындар лагеріне апарып тастады.

Себебі бізді алып кетуге Ресейден адамдар келеді деген хабар келіпті. Ол жерде «Қызыл Крест» ұйымы бар екен, 10 күн сол лагерьде болдық. Жағдайымыз жақсарды, әр отбасына бөлек палатка берді, тамақтандырды.

...Өздері ұшаққа отырғызды. Таңғы сағат сегізде Грозныйда болдық. Грозныйдан Мәскеуге ұштық. Грозныйға дейін төрт баламды көтеріп жүрдім. ДАИШ-тың аумағынан шыққан соң күрдтерге жеткенше балаларды кезек-кезек көтеріп келдім. Сондай қиын болды. Бір тәулік жаяу жүрдік. Жолда су, тамақ болған жоқ.

Күйеуім Сирияда қалды. Менімен бірге шығуға амалы болмады. Ол бүгінде елге оралуға жол іздеп жатыр. Күйеуім – Ресей азаматы. Оны елге кіргізе ме, жоқ па, ол жағын орыстар біледі…Біздің елде жұмыс, үй бар, бала тәрбиелеп, бақытты өмір сүруге бар жағдай жасалған. Елден кетпеңдер!», - деп ойын түйді Жанар. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста