Мұсылман адамдар көшеде қандай ережені ескеруі керек

Мұсылман адамдар көшеде қандай ережені ескеруі керек

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға зияны тиетін, келеңсіздік пен қолайсыздық тудыратын әрбір әрекеттің алдын алуды үйрететін. Соның бірі, көше әдебі. Әдеп бойынша, көше немесе жол бойында ешбір шаруасыз, бостан босқа тұруға болмайды. Өйткені, көшедегі басқа адамдарға кедергісі тиетіні айтпаса да түсінікті. Ал, көше мен жол бойындағы жұмысшылар немесе аялдамада тұрған жолаушылар сияқты адамдар белгілі бір ережеге мән беруі тиіс. Бұл қоғамдық орындар оқыс жайттардың алдын алады. Көше талаптары:
1. Көзді тию. Мысалы, бейәдеп нәрселерге және қыз-келіншектерге көз салмау сияқты;
2.Зиян тигізбеу. Тамақ қалдығы мен сусын ыдысын тастамау, дөрекі сөйлемеу және т.б.;
3.Сәлем беру. Кісіден уақыт немесе жөн сұрамас бұрын, әуелі сәлем беру немесе сәлем берген кісіге жауап қайтару;
4.Жақсылыққа шақыру. Көшеде немесе қоғамдық көлікте болған бейәдептілікке немқұрай қарамау;
5.Жамандықтан қайтару.
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) риуаяты: Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Көше бойында отырудан сақ болыңдар!,-деді. Адамдар: «Отырмасқа шара жоқ, біздің мәжіліс құрып басымыз қосылатын жер – көше»,-деді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер мәжіліс құратын орындарың болса, көшенің ақысын беріңдер»,-деді. Адамдар: «Көшенің ақысы не?»,-деді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Көзді жаманнан тию, зиян тигізбеу, сәлемге жауап беру, жақсылыққа шақырып және жамандықтан қайтару[1]»,-деді.
Бұл талаптар қоғамның салауаттылығымен қоса сауапты амалдарды қамтиды. Сүннеттің де тамашалығы осында. Сондай-ақ, мұсылманның ұстанымы «...Егер оған бағынсаңдар, тура жолмен жүресіңдер...[2]» екенін ұмытпаңыз.
[1] Бұхари
[2] Нұр сүресі, 54-аят

mazhab.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста