МҮМІН МЕН КӘПІРДІҢ РУХЫ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Өзінде өткенге қатысты уайым немесе келешек қайғысы немесе дерт әлде (кедейлік сияқты) мұқтаждық жағдайы пайда болған кісі; «Аллаһу Рабби Лә Шәрикә Ләһ» (Алла менің Раббым. Оның еш серігі жоқ) - десе одан бұл қиындық кетіріледі». (Табарани, «әл-Мұғжам ул-Кәбир»)

 

Әбу Хурайраның (р.а.) риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мүмін құлдың рухы денесінен шыққан кезде оны екі періште қарсы алып, көкке кетереді» - дейді.

 

Рауи Хаммад (р.а.) былай дейді: «Әбу Хурайра (р.а.) осы кезде ол мүмін құлдың рухының иісінің әдемілігін, хош иісін баяндағаннан кейін былай деді: «Көк жұрты: «Жер бетінен хош иісті рух келді. Алла Тағала сені және сенің өміріңді аяқтаған денені рақымына бөлесін» - дейді. Сосын періштелер оны Алла Тағаланың құзырына алып барады. Алла Тағала: «Мұны Сидрә Мүнтәһаға (қияметке дейін рухтың күтуі үшін бір орынға) алып барыңдар» - деп бұйырады.

 

Еш шүбәсіз кәпірдің рухы денесінен шыққанда аспан халқы: «Жер бетінен жиіркенішті иісті, жаман рух келді» - дейді. Сосын «Оны да қияметке дейін күтетін жерге алып барыңдар» - деп айтылады».

 

Әбу Хурайра (р.а.) кәпірдің жаман иісінен және лағнеттелгенінен әңгіме қылған соң: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) мұны айтқаннан соң үстіндегі жұқа жапқышын мұрнына қарай тартты (жапқышпен мұрнын жапты)» - деді.

 

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста