Мүфтият журналист Жанат Бақыттың айтқанына қатысты мәлімдеме жасады

  • 29
Мүфтият журналист Жанат Бақыттың айтқанына қатысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар журналист Жанат Бақыттың әлеуметтік желілердегі сөзіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Әлеуметтік желідегі Жанат Бақыт деген журналистің Алла тағала туралы айтқан ауыр сөздері мұсылмандар арасында түсініспеушілік тудырды. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына әр өңірден түрлі пікір, наразылық білдірген хаттар келіп жатыр", - деді ол.


Наиб мүфти "жалпы шариғатта Алланың атынан жалған сөйлеу өте ауыр күнә" екенін айтты.
"Мысалы, Алла тағала қасиетті Құранның  Ән'ам сүресінің 144-аятында "Адамдарды надандықпен адастыру үшін Алланың атынан жалғанды жалпағынан басатын пендеден өткен залым бар ма?" деп баяндаған. Алла сақтасын, Құдай атынан жалған сөйлеуден ауыр іс жоқ. Әсіресе, Рамазан айында осындай келеңсіз сөзді айту мен үшін де ауыр. Дегенмен халық тарапынан сұрақтар жиі қойылып, наразылық білдіріп жатқаннан кейін мүфтият атынан ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болып отырмыз", - деді Ершат Оңғар. 

Ол сонымен бірге көпшілікті журналистің сөзіне ермеуге, ел ішінде арандатушылық тудырмауға үндеді.
"Хакім Абай "Алла тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі, өлшеулі менен өлшеусізді білуге болмайды" деп айтады ғой. Осы ретте барша мұсылман қауымын және барша отандасымызды журналист Жанат Бақыттың сөзіне еріп, дәстүрлі сенімізге селкеу түсіріп, ел ішінде арандатушылық тудырудан сақ болуға шақырамыз. Қасиетті Рамазан айында мұндай ауыр сөздерді айтып, ел ішінде наразылық тудырып алудан сақ болайық", - деді ол.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 182
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 233
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста