Мешітте қиылмаса заңды неке жарамды ма?

Мешітте қиылмаса заңды неке жарамды ма?

Ғалымдардың бірауызды пікірі бойынша, кәпірлердің Исламға дейінгі қиылған некелері күшіне ие! Егер неке Исламға дейін, әдет-ғұрыптарға, дәстүрлерге немесе қандай да бір қоғамның заңына сай қиылған болса, ол жарамды болып табылады және оны қайта қиюдың қажеті жоқ, себебі Ислам ол некені мойындайды. Алайда, әрине, бұл шын мәніндегі неке болуға тиіс, яғни АХАЖ-да (ЗАГС), немесе шіркеуде қиылған неке, бірақ зинақорлық қатынастар, бірге жасап-тұру емес.
Ибн ‘Аббас Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің қызы – Зәйнабты оның күйеуіне ол Исламды қабылдағаннан кейін ешқандай рәсімдерсіз қайтарып бергенін баяндаған. Ахмад 1/217, Абу Дауд 2240, әт-Тирмизи 1143, әл-Хаким 3/237. Хадистің сенімділігін (сахихтығын) растаған хафиз Ибн Касир және шейх әл-Әлбани. Қз.: “әл-Иршад” 2/168, “Ируаул-ғалил” 1921.
Ал имам Ибн Са’д «әт-Табақат» кітабында (8/30) Зәйнабтың (Аллаһ оған разы болсын) пайғамбарлыққа дейін тұрмысқа шыққандығын айтып өткен.
Сондай-ақ имам әл-Байһақи Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әке-шешесі мүшрик болып қайтыс болғанын айтып өтіп: «Олардың күпірліктері Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) асыл тегіне еш нұқсан келтірмейді, себебі кәпірлердің некелері жарамды! Сен кәпірлердің әйелдерімен бірге Ислам қабылдағандарын әрі олар некелерін жаңартуға міндеттелмегендерін белмейсің бе!», – деген. Қз.: “әд-Даләил ән-нубууа» 1/192.
Шейх Ибн әл-Қайим былай деді: «Біз Исламды қабылдағаннан кейін некелерін жаңартқан ешкімді білмейміз». Қз.: «Задул-мә’ад» 5/125.
Имам Ибн Қудама былай деді: «Кәпірлердің некесі жарамды болып табылады әрі ол (некелері) Исламды қабылдағанда да есепке алынады. Және олардың қалай некеге отырғандарына және мұсылмандардың неке қию шарттарын: қамқоршы (уәли), куәгерлер, сұрақ-жауап т.с.с. ескермегеніне қараудың қажеті жоқ. Әрі мұсылмандардың арасында бұл мәселеде келіспеушілік жоқ!» Қз.: «әл-Муғни» 7/50.
Исламға дейін қиылған некені жарамсыз ететін бір-ақ жайт – бұл Ислам қабылдаған кәпірлердің некесінің Исламға қарама-қайшы болатын жағдайлар, тіпті егер ол қандай да бір салт-дәстүрлер бойынша сиымды болса да, мысалы, анасына, туған қарындасына, қызына, немесе сүттес әпке-қарындастарына т.с.с. Ислам үйленуге тыйым салған кісілермен қиылған некелер.
Мұндай некелер Ислам қабылдағанға дейін де, одан кейін де жарамсыз болады!
Әрі Соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтаулар болсын! 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста