Мешіт әдептер
Белгілі табиғин Саид ибн әл-Мусайаб, рахимахуЛлаһ, былай айтқан:
⠀«Мешітте отырған адам, негізінде Жаратушы Алланың жиынында отыр». (Тәпсір Қуртуби, р.6, 560 бет).
Атақты муфассир (Құран тәпсіршісі), имам Абу Абдулла Қуртуби, рахимахуЛлаһ, мешітке қатысты келесі әдептерді ерекше атап көрсетеді:
⠀
Мешітте не істеу керек:
⠀
Мешітке кірген адам мешітте отырғандарға сәлем беруі керек, (бұл тек адамдар Құран немесе намаз оқумен айналысып отырмаған кезде ғана орынды; егер адамдар аталған құлшылықтарды орындап жатқан болса, сәлем бермеген жөн).
⠀
Мешітке кірген кезде, ішінде ешкім жоқ болса, «Әссәләму ғәләйни уә ғәлә ғибәдиЛләһи с-солихин» деу керек.
⠀
Отырмас бұран екі рәкағат &ndash тәхийәтүл мәсджид намазын оқу керек (әрине, егер намаз оқу мәкрүһ болған уақытта кірмеген болсаңыз).
⠀
Намаз оқу мәкрүһ болған уақыттар:
⠀
- Таң намазынан соң, күн шығуына 15 минут қалған уақытта (Сахих Бұхари, Сахих Мүслім);
- Күн тас төбеге келген кезде (Сахих Мүслім);
- Екінті намазынан соң, күн ұясына батқанға дейін (Сахих Бұхари);
- Жұма күні, имам хұтба айтып жатқан кезде (Насбур хайя);
⠀
Сонымен қатар, мешітті ластан, жас балалар мен есі дұрыс емес адамдардан сақтау керек (себебі олар мешіттің қасиеттілігін сезінбейді).
⠀
Алланы көп зікір ету керек.
⠀
Мешітте не істеуге болмайды:
⠀
Кез-келген бизнес іс-әрекеттерді жасауға (тіпті ұялы телефон арқылы болсын);
⠀
Қаруды жалақтатуға;
⠀
Жоғалған заттар туралы дауыстап жариялауға;
⠀
Дауыстап сөйлеуге, шулауға (ұялы телефон және басқа да құралдардың әуендері де осыған жатады);
⠀
Дүниелік мәселелерді талқылауға (ұялы телефон, СМС арқылы да);
⠀
Алдыңғы жаққа өту үшін отырған адамдарды орындарынан қозғауға;
⠀
Сапта орын жоқ болғанына қарамастан, сап арасына сығысып кіруге;
⠀
Намаз оқып тұрған адамның алдын кесіп өтуге;
⠀
Мешіт ішінде түкіріп, сіңбіруге;
⠀
Буындарын «шытырлатуға» (бұл пайдасыз әрекет айналадағылардың көңілін аударуы мүмкін);
⠀
Дене мүшелерімен ойнауға;
⠀Осыдан соң, имам Құртуби рахимахуЛлаһ, айтады:
⠀
«Мешіттің ережелерін сақтаған адам үшін ол (мешіт), шайтанның арбауынан қалқан болып, қауіпсіздік орын болады». (Тәпсір Қуртуби)
Мешіттің қасиеттілігін сақтап қалу үшін тыйым салынған амалдардың көп екеніне назар аударыңыздар.
⠀
Алла Тағала біздерге Өз Үйіне деген құрметті арттыра түссін. Әмин.