КҮЙЗЕЛІСТЕРДЕН ШЫҒАР ЖОЛ – ҚҰРАНДА

КҮЙЗЕЛІСТЕРДЕН ШЫҒАР ЖОЛ – ҚҰРАНДА

Көңіл күйің жоқ па?

«Бақара» сүресінің 25-аятын оқы: «(Ей, Мұхаммед), иман келтіргендер, ізгі іс істегендер үшін төменде өзендер ағып жататын, төбесінде миуалар төгіліп тұратын жәннат жайы бар екенін айтып қуант. Ол жемістер көрер көзге «Біз мұны дүниеде бұрын да жеп едік қой» дейтіндей, түрі жағынан дүние жемістеріне ұқсас болып келгенімен, дәмі жағынан алуан түрлі болады. Мүміндер үшін ол жайда тәні тап-таза, жаны пәк жұбайлар да (қор қыздары да) бар. Жәннатта олар мәңгі жасайды».

Күнә жасадың ба?

«Зумар» сүресінің 53-аятын оқы: «(Ей, Мұхаммед, Менің атымнан) айт: «Ей, күнәһар пенделерім! Тәңірдің рақымынан түңілмеңдер. (Қаласа,) Алла, сөз жоқ, бар күнәні кешіреді. Алланың өте жарылқағыш әрі өте мейірімді екені даусыз».

Тура жол іздейсің бе?

«Маида» сүресінің 16-аятын оқы: «Өзінен ризалық тілегендерді Алла сол кітап арқылы тура жолға жетелейді, Өзі ықпал жасап оларды қараңғылықтан жарыққа (күпірден арылтып иманға) шығарады, сөйтіп, тура жолға бастайды».

Дос іздейсің бе?

«Бақара» сүресінің 257-аятын оқы: «Алла – имандылардың досы. Оларды түнектен жарыққа шығарады. Кәпірдің досы – шайтан. Ол жарықтан қараңғыға қарай тартады. Олардың орны – тозақ. Онда олар мәңгі қалады».

Жыныстық тұрғыда алалаушылық көрдің бе?

«Ахзаб» сүресінің 35-аятын оқы: «Мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдерге, мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге, бойсұнушы ерлер мен бойсұнушы әйелдерге, шыншыл ерлер мен шыншыл әйелдерге, сабырлы ерлер мен сабырлы әйелдерге, Құдайдан қорқатын ерлер мен Құдайдан қорқатын әйелдерге, садақа беретін ерлер мен садақа беретін әйелдерге, ораза ұстайтын ерлер мен ораза ұстайтын әйелдерге, әбүйірін төкпеген ерлер мен әйелдерге, Алланы көп зікір ететін ерлер мен Алланы көп зікір ететін әйелдерге Алла жарылқау және зор сауап әзірледі».

Нәсілдік тұрғыда кемсітушілік көрдің бе?

«Хужурат» сүресінің 13-аятын оқы: «Ей, адамзат! Сендерді Біз әуелде бір еркек, бір әйелден, (Адам мен Хауадан) бір ата, бір анадан жаратып, (өрбіттік). Өзара қарым-қатынас жасауларың үшін көптеген ұлт, ұлыс етіп, көбейттік. Ал ерекше діндар болғандарыңды Тәңір құрметті адам санайды (яғни сендердің бір-біріңнен артықшылығың – несібелеріңмен емес, діндар-тақуалықтарыңмен есептеледі). Анығында, Алла барлық нәрсені біліп, бәрінен хабар алып отырады».

Махаббат іздейсің бе?

«Рум» сүресінің 21-аятын оқы: «Сендердің өз табиғаттарыңа үйлестіріп, (өз қастарыңнан) әйел жынысын жаратқаны да, оларға тіршілік ләззаты етіп, сүйіспеншілік, мейірім бергені де – ұлылықтың белгісі. Ой жүгіртіп, ғибрат алыңдар».

Жаның жайсыздықты сезініп жүр ме?

«Рағыд» сүресінің 28-аятын оқы: «Иман айтқандарға келсек, олардың жаны Алланы еске алумен жай табады».

Сені бағаламай ма?

«Инсан» сүресінің 22-аятын оқы: «Сөз жоқ, бұл сендерге берілген сый. Демек, сендердің еңбектерің еш кетпейді».

Сәтсіздікке ұшырадың ба?

«Жүсіп» сүресінің 87-аятын оқы: «Жаратқан жарылқар, үміт үзбеңдер. Алланың рақымынан тек сенбеушілер ғана үміт күтпейді».

Бақытсыздыққа тап болдың ба?

«Ибраһим» сүресінің 34-аятын оқы: «Сендерге Алла сұрағандарыңның бәрін берді. Алланың ондай игіліктерін санап тауыса алмайсың. Ал адам деген ынсапсыз және тәубесіз».

Қиындықтардан шаршадың ба?

«Шарх» сүресінің 5-аятын оқы: «Әрине, әрбір қиындыққа қоса жеңілдік бар».

Адамдар жамандық қылды ма?

«Фурқан» сүресінің 63-аятын оқы: «Ұлы Тәңірді таяныш ететіндер жер бетінде сыпайы жүреді, соқтыққан содырлардың өзіне (надандарға) солақай сөйлемейді, («Ассалаумағалейкүм» дейді). Түн баласы олар Тәңірге сәжде етіп, тік тұрып тілек тілейді (намаз оқиды)…».

Кешірім қалайсың ба?

«Ғимран» сүресінің 135-аятын оқы: «Күнәні кешіретін Алладан басқа ешкім жоқ. Оқыс бір оқият жасап қалса, немесе өздеріне өздері зиян келтірсе (тақуалар сондықтан да) Алланы еске алып, одан күнәларын кешіруді сұрайды. Қылықтарының теріс екеніне көздері жеткен соң, оны одан әрі жалғастырмайды».

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста