Көмектескені үшін ақы алуы дұрыс па?

Көмектескені үшін ақы алуы дұрыс па?

Бір күні сахабалар сапарға шығады. Күн бата демалу үшін олар яһудилер қоныстанған ауылға тоқтайды. Сахабалар бұл ауылға құдайы қонақ болып барады. Бірақ ауыл тұрғындары оларды қабылдамай елді мекеннің сыртына шығарып жібереді.

 

Сол арада яһудилердің көсемін шаян шағып алады. Олар оның уын қайтару үшін ем жасап әбден әлекке түседі.

 

Бірақ, мұның барлығы оңды нәтиже бермейді. Олардың арасынан біреулері:

– Қап, әлгі жолаушыларды ауылда алып қалғанда, бәлкім олардың бірінен мына дертке қарсы дәрі-дәрмек шығарма еді! – деп сан соққандары да болды.

 

Сөйтіп яһудилер ауылдың шетіне уақытша тұрақтаған әлгі сахабаларға келіп:

– Ей, жамағат! Біздің көсемімізді шаян шағып алды. Қолымыздан келгенін жасадық. Шарамыз таусылды. Сендердің біріңде бұған ем қылатын нәрсе бар ма? – деп өтініш білдіреді.

 

Сахабалардың арасынан біреуі тұрып:

– Иә, бар. Аллаға қасам, мен дем саламын! Бірақ, біз сендерге құдайы қонақ болып барғанымызда сендер бізге жылы шырай танытпадыңдар. Сол үшін сендер бізге ақысына бір нәрсе бермейінше мен дем салмаймын, – деп шарт қояды.

 

Яһудилер мұның ақысына біршама қой беруге уәде етеді. Әлгі сахаба барып, шаян шаққан яһудиге «Фатиха» сүресін оқып үрлейді. Ол дертінен айығып, жүріп кетеді. Яһудилер келіскен қойларын береді. Сахабалардың бірі:

– Бұл қойларды бөліп алайық – деген ұсыныс айтады.

Әлгі Құран оқыған сахаба:

– Жоқ, Алланың елшісіне (с.ғ.с.) барып, хабар бермейінше бұлай жасамаймыз, – дейді.

 

Олар пайғамбарға (с.ғ.с.) болған жағдайды баяндайды. Алланың елшісі (с.ғ.с.): – Оған дем салу керектігін қайдан білдің? – деп, кейін:

– Олжа сендердікі, оны бөліп алыңдар, – дейді (Бұһари, Мүслим).

 

 

Кazislam.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста