Иләһи махаббаттың ескерткішіне айналған Ибраһимді (а.с.) Нәмрут отқа тастамақ болды. Сол уақытта періштелер жәрдемге келді. Басында Жәбірейіл (а.с.) болып, барлығы Хазіреті Ибраһимге:
- Ей, Халилұллаһ! Бізден не қалайсың, не істейік? – деді.
Ибраһим (а.с.) болса Раббысына разы, тәуекелшіл күйде:
- Дос пен достың арасына араласпаңдар, - дейді.
Осындай махаббат пен мағрифат құлды періштелерден де жоғары дәрежеге көтереді.
Себебі махаббат пен мағрифат сырының арқасында адам баласы барлық қиындық пен азапты және сынақты табысты түрде жеңе алады. Махаббат пен мағрифат төзу мүмкін емес ауыр қорлықтарды да тәтті балға айналдыратын иләһи шәрбәт іспетті.
Сондықтан барлық пайғамбарлар халқының өздеріне көрсеткен қорлықтарына барынша төзіп, сабырлық көрсеткен және де осылайша небір қол жетпес мәртебелерге ие болған.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдардың және барлық пайғамбарлардың арасында ең көп зорлық-зомбылық көріп, озбырлыққа ұшыраған. Бұған қоса ең ұлы мәртебелерге, пайғамбарлардың имамы дәрежесіне және «Хабибұлла» («Алланың сүйіктісі») деген ілтипатына қол жеткізген.
Осылардың барлығы шынайы махаббаттың көрінісі. Кімнің бойында осы махаббаттан бір үлес болатын болса, ол да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жолымен жүріп, заңғар биіктерге қол жеткізеді. Ал кімде-кім махаббаттан мақұрым болса, оған тәтті балдың өзі захар болып әсер етеді.
mazhab.kz/kk/maqalalar/gibratnama/shynaiy-dostyq-uly-mahabbatqa-jeteleidi-1046/