Кешірімді болған адамға Алла тағала да кешірімді болады

Кешірімді болған адамға Алла тағала да кешірімді болады

Үммет Жаршысы пайғамбарымыздың кешірімділігі жайында сөз еткенде ойға мына оқиғалар оралады. Әбу Суфиан Мекке кезеңінде Алла елшісіне күн көрсетпеген еді. Жасалған қастандықтардың бәрінің басы-қасында осы Әбу Суфиан жүрді.

Құрайыш мүшріктерін мұсылмандарға қарсы айдап салып, оларды жер бетінен жойып жібермекке әскер де жасақтады. Көптеген мұсылмандардың қаны аққан Ұхұд пен Хәндәк шайқастарын да тікелей басқарған да осы Әбу Суфиан еді. Міне, осындай өмір бойы өзімен алысып келе жатқан қанқұйлы жау алдына әкелінгенде, пайғамбарымыз не істеді?
Ал, біз өштескен жауымызға не істер едік? Әй қайдам, көзіне көк шыбын үймелетер ме едік. Ал пайғамбарымыз Әбу Суфианға олай етпеді. Керісінше, Ол (с.а.с.) өзіне тән кешірімділікпен оған да рақымшылық жасады. Тіпті кешіріп қана қоймай, «Әбу Суфианның үйіне бас сауғалағандарға қауіп жоқ» деп оған ілтипат жасады. Ізгі жанның кең жүректілігі Әбу Суфиянның көңілін жібітіп, артынша ол да ислам дінін қабылдады.
Енді мына қызықты қараңыз. Пайғамбарымыздың ең жақын туысы әрі Исламның баһадүрі Хамзаны өлтіру үшін арнайы адам жалдап, ол шейіт болған кезде денесін кескілетіп, бойын кернеген ыза-кегін баса алмай, Хамзаның өкпесін суырып алып, құшырлана шайнаған Әбу Суфианның әйелі Һинд те кешірім сұрап келді.
Сонда Пайғамбарымыз жасағандарын салық қып бетіне басып жатпай, оны да кешірді. Иә, Хамзаның өлімі мен оның кескіленген денесі көз алдында болатын. Бірақ, бәрібір, оның кешірімділігі ашуынан асып түсті. Бұндайды күтпеген Һиндтің жүрегі бірден еріп сала беріп, «Бүгінге дейін сенің мәжілісіңнен артық мәжіліс көрген емеспін» деп дұшпандығы сүйіспеншілікке ауысты. Алланың арыстаны атанған Хамзаны Һиндтің тапсыры бойынша кім өлтірген еді?
Ол Уахши есімді құл еді. Басының бостандығы үшін амалсыз осындай қадамға барған болатын. Меккеден қашып, елдің арасына жасырынған ол қауіпсіз жер таба алмай аласұрды. Біреу келіп оған «сен Пайғамбардың қасынан ғана пана табасың, барып кешірім сұра!» деп кеңес берді. Уахши қысыла-қымтырыла Алла елшісінің құзырына келді. Пайғамбарымыз оны көргенде бетіне тіктеп қарамай, жанарын тайдырып әкетті. Өйткені, есіне Хамза түсіп, мылжа-мылжа мәйіт елестеген-ді. Іле көңілі босап, көзіне жас алды. Қарсы алдында қанды қол дұшпан тұр. Қаласа қысастық жасап оны өлтіруіне де болар еді. Ешкім бұған бөгет жасамасы да белгілі. Бірақ рақым пайғамбары тағы да айнымас әдетіне салып, оны да кешті.
Біз осылай кешірімділік таныта білеміз бе? Болмашы нәрселерге бола жаға жыртысып, бір-біріміздің қанымызды жүктеуге дейін барамыз. Нәлеті, жолда келе жатып көлікпен бірінің алдын бірі кесіп кетсе, абыройы айрандай төгілгендей нәпсіге бой алдырып, есесін қалай да қайтаруға тырысады. Енді бірі өштескені соншалық бас жарылып, көз щықпаса да қарсыласын сотқа беріп қалай да оның өміріне толыққанды балта шауып, тамырымен жоқ етуге тырысады. Кейде мұндай мақсатына қол жеткізу үшін заңды белден басатындар да кездесіп жатады.
Баяғыда ауылдағы айқай-шу мен түрлі келіспеушіліктердің шешіміне ауыл ақсақалдарының бір ауыз сөзі нүкте қойып отырған. Қазір ондай заман қайда! Міне, біз нағыз мұсылман адам сын сағатта сабыр ете білетін адам екенін ардақты Алла елшісінің (с.а.с.) жоғарыдағы оқиғаларынан үйренсек етті. Кешірімді болғанға Алла тағала да кешірімді болатынын ұмытпаған жөн. 
Төлеби ОСПАН, «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы
ummet.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста