Исламда не үшін оң жаққа артықшылық беріледі?
Ислам адам өмірінің барлық саласын қамтиды әрі адамның күнделікті іс-әрекеті көптеген жалпы және жеке әдептілік ережелерімен реттеліп отырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Сол үшін мұсылман адам шамасы келгенше дінде көрсетілген әдептілік талаптарын орындайды.
Осындай әдеп талаптарына сәйкес мүмін іс-әрекеттердің барлығында дерлік оң жаққа артықшылық беруі керек – оң қолмен жеу, ішу, амандасу, қандай да бір зат алу, беру және т.б. Мысалы, исламда мешітке, үйге, кеңсеге және басқа үй-жайларға оң аяқпен кіру, оң жақта ұйықтау және т.б.
Бұл үшін мүмін Алладан сауап алады, өйткені шариғатта барлық жақсы және рұқсат етілген істерді оң жақпен орындау сүннет һәм әдеп болып табылады.
Масрұқ (р.а.) Айша анамыздың: «Пайғамбар (с.ғ.с.) барлық істерінде: дәрет алғанда, шашын тарағанда, аяқ киім кигенде мүмкіндігінше оң жаққа артықшылық беруді ұнататын», – деп айтқанын жеткізген (Бұһари, 426; Мүслим, 268; Әбу Дәуіт, 4140; Термези, 608; Ибн Мажа, 401;