Исламда нанды баспау туралы тыйым бар ма
Текті қазақ баланы жастайынан «нан қоқымын шашпа», «нанды баспа», «нанды тастама» деп нанды жан-жақты құрметтеуге баулап өсіреді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда, бүгінде мұндай тәрбие көру ауылда кемпір мен шалдың алдында, обал мен сауапты үйреніп өскен балаларға тән құбылыс болып бара жатқаны өкінішті.
Қаланың баласы көп жағдайда нанға жай азық, тойса тастай салуға болатын ас ретінде қарайды.
Баланың қазақи тәрбиеден мақұрым болып өсуіне бірінші кезекте өзіміз, яғни ата-ана кінәлі.
Дін мен дәстүріміз өзара үйлесімін тапқан дүниелер, олар бір-бірімен сабақтасып отырады.
Мысалы, «нанды баспау» тыйым сөзіне келсек, имам Табараниде келген пайғамбардың (с.ғ.с.): «Шын мәнінде Алла Тағала нанға көктен береке дарытып, жердегі нығметтің (үлесінен) берген. Кім дастархандағы қиқымдарды теріп алса, күнәлары кешіріледі», – деп айтқан хадисі бар.
Ислам нанды Алланың адам баласына берген үлкен несібесі санайды. Сол үшін дін ислам нан атауын, тіпті нанның қиқымын шашпай құрметтеуге шақырады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz