Ипотекасы мен несиесі барларға құрбандық шалуға бола ма?

Ипотекасы мен несиесі барларға құрбандық шалуға бола ма?

Қасиетті Құрбан айт кезінде құрбан шалатын мұсылман қауымы жиі қателіктерге бой алдыратыны жасырын емес. Осы ретте NUR.KZ порталы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Жасұлан Жүсіпбековтен сұқбат алып, құрбандық шалудағы негізгі міндеттер мен жиі жіберілетін қателіктерді білген еді.
«Ислам діні бойынша әрбір амалдың дәрежесі мен міндеті бар. Құрбандық шалуға міндетті деп мына адамдар саналады.

1. Мұсылман болуы керек.

2. Балиғат жасына толған және өзі тұрғын (жолаушы емес) болуы шарт.

3. Бай болуы керек немесе 85 грамм алтынға сай мүліктің иесі. Діни басқарманың есебінше, 85 грамм алтынның құны -бір миллион 112 мың 735 теңге қаражатқа тең. Яғни кез келген азаматтың жеке үйі, көлігі мен күнделікті тұрмысындағы қаражаттан басқа жинаған осындай сомадағы мүлкі болуы шарт дейді танымал теолог.

Ипотекасы бар азаматқа құрбандық шалуға болады ма?

Қарызы бар адамның жиналған ақшасы шариғат бойынша өзінікі болып саналмайды. Демек ипотека, несие төлеп жүріп жеке жинаған қаржыңыз болса сол сомадан қарызды алып тастайсыз. Яғни үйіңізде 5 миллион теңге бар, несиеңіз 4 миллион 500 мың болса, шариғат бойынша сізге тиеселі қаржы 500 мың теңге ғана болып есептелінеді. Яғни ол адам құрбандық шалуға міндетті емес. Егер «құрбандық шалайын, кедей болып қалмаймын» деп ниет етсе, ол «құрбандық» уәжіп емес, «нәпіл құрбандық» (міндетті емес) болып саналады. Құрбандыққа сойылатын малдар

Құрбандыққа – жасы беске толған түйе, екі жасар сиыр, бір жасқа толған ешкі мен қой шалынады. Жалпы қойдың семізі немесе ірі денелісі кездессе алты айлығы да жарайды. Малдың ұрғашы немесе еркек болуы шарт емес. Ең бірінші оның төрт мүшесі түгел (құлағы, құйрығының жартысынан көбі кесілмеген), тісі бар, кәрі емес, етті және өз аяғымен жүріп-тұратын малдар шалынады. «Піштірілген еркек мал» да құрбандыққа жарамды. Ұрғашы малдың желіні кесілмеген, ал мүйізді жануардың (сиыр, ешкі, қошқар) қос мүйізі болуы керек, ал мүйіз өспейтін сиыр болса - ол жарамды. Мал сатып алғанда саудагермен саудаласу күнә емес. Тек шектен шықпай екі жақ, ренжіспей мәмілеге келу керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста