Иман және иқрар!
Ислам дінінде балиғатқа толған, ақылды пенде бірінші кезекте иман келтіреді.
Иман – ол сену, илану. Иқрар – өзінің сенгендігін тілмен айту. Мүмін және мұсылман адам Ислам дінінің хақ екендігіне және оның әрбір үкімдеріне сеніп, иман келтіруі, өзінің сенгендігін тілмен айтып, иқрар[1] етуі парыз.
Әр адам өзінің мұсылмандығын мына куәлік сөзін оқып дәлелдейді:
اَشْهَدُ اَنْ لاَ اِلٰهَ اِلاَّ اللهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ
Оқылуы: Әшһаду ән ләә иләәһа илләллааһу уә әшһаду әннә мухаммадән абдуһу уә расуулүһу.
Мағынасы: Мен Алладан басқа құлшылық етуге лайық ешбір құдай жоқ екеніне, Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екеніне куә боламын.
Мұсылманның иман шарты мына иман сөзінде айтылған:
اٰمَنْتُ بِاللهِ وَ مَلآئِكَتِهِ وَ كُتُبِهِ وَ رُسُلِهِ وَ الْيَوْمِ الاخِرِ وَ الْقَدَرِ خَيْرِهِ وَ شَرِّهِ مِنَ اللهِ تَعَالَى وَ الْبَعْثِ بَعْدَ الْمَوْتِ
Оқылуы: Аамәнту билләәһи уә маләәикатиһи уә кутубиһи уә русулиһи уәл йәумил аахири уәл қадари хайриһи уә шарриһи миналлааһи тәааләә уәл бағси бағдәл мәути.
Мағынасы: Мен Аллаға, оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, ақырет күніне, тағдырға, яғни жақсы-жаман істердің әрбірі Алла Тағаладан екеніне, өлімнен кейінгі тіршілікке иман келтірдім.