Ерінің рұқсатынсыз сыртқа шыққан әйелге не боларын біліңіз

Әйелге отбасылық өмірінде жүктелетін тағы бір міндеті – күйеуінің мақұлдауынсыз үйінің босағасынан аттап баспау. Баратын жері жайлы күйеуін хабардар етіп, келісімін алған соң ғана жолға шығуы мұсылман әйелге жарасымды дағды. Барғаннан кейін де кеш түспей қайтуы керек.

Құран кәрімде Алла Тағала былай деген:

«Уа, Пайғамбардың жұбайлары, байсалдылық танытып, үйлеріңде отырыңдар. Бұрыңғы қараңғылық дәуіріндегідей жасанып алып көшеге шықпаңдар»[1].

Аят Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жұбайларына арналғанымен, бұйрық жалпы әйелдер қауымына тиісті.

Бір күні бір әйел келіп: «Уа, Алланың елшісі, әйелдің күйеуі алдындағы міндеті не?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Күйеуінің рұқсатынсыз үйінен шықпау» – деп жауап қайырады. Егер күйеуінің рұқсатынсыз шығатын болса, аспандағы періштелер, рақым және азап періштелері ол әйелге тәубеге келгенге дейін немесе үйіне қайта оралғанға дейін лағынет айтады», – деп жауап береді.

Тағы бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген екен: «Қандай да бір әйел күйеуінің рұқсатынсыз тысқа шықса, үйіне қайта оралғанға дейін немесе күйеуі риза болғанға дейін Алла Тағаланың қаһарында болады».

Бұл міндетті әйелге жүктеу арқылы Ислам діні оны үйге қамауды көздемейді. Қайта оның орынсыз өсек-аяңға ілікпеуін, ерімен жарасымды жұп болып, сенімнен шықпауды мақсат етеді. Бүкіл еркек атаулы жұбайының өзіне адал болғанын қалайды. Отбасын асырау қамымен түзде жүргенде үйдегі әйелінің қалаған жағына қыдырып, уақытын қалай болса солай өткізгенін ешбір еркек құптамас. Бірақ бұл қағида әйелді түбегейлі күйеуіне тәуелді етпейді. 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста