Ережеп айының қасиеті неде?

Ережеп айының қасиеті неде?

Қасиетті Режеп айы басталды. Қазіргі қазақ тілінде ол Ережеп деп те кездеседі. Әлемдегі барша мұсылмандар үшін Режеп айының орны бөлек. Өйткені ол Ислам дініндегі қатар келетін қасиетті үш айдың алғашқысы. Қалған екеуі Шағбан мен Рамазан деп аталады. Бұл айлар Жаратушы иенің пенделеріне ерекше рақымдылықпен қарауымен, аса мейірбандық танытуымен ерекшеленеді. Сондықтан әлем мұсылмандары бұл айларға аса құрметпен қарап, құлшылықтарына ден қояды.
Режеп, Шағбан, Рамазан айларының қасиеттілігі Құранда аталуымен анықталған. «Тәуба» сүресінің 36-аятында: «Расында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі құрметті айлар. Міне, осы берік дін» делінген.
«Алла тағалам, бізді Режеп пен Шағбан айында берекеге кенелтіп, Рамазанға аман-есен жеткізе гөр» деген дұға да ардақты пайғамбарымыздың бұл айларға ерекше көңіл бөлгенін көрсетеді (Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, I/259).
«Ережеп – Алланың айы, Шағбан – менің айым, ал Рамазан – үмметімнің айы» деген хадисті естігенде, сахабалар бұл айдың неліктен Алланың айы деп аталу себебін сұрайды.
Сонда пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп түсіндірген: «Ережеп – Алланың күнәларды кешіретін айы. Алла Тағала үшін сүйікті ай. Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. Бұл айда пайғамбарлардың тәубелері қабыл болып, әулиелер дұшпандарынан қорғалған. Бір кісі Ережеп айын оразамен өткізсе, Алла тағаланың мынадай үш жақсылығына ие болады:
1. Өткен күнәларын кешіреді;
2. Қалған өмірінде түрлі теріс қылықтардан сақтайды;
3. Қиямет күні Алла тағала оның шөлін қандырады».

Әнас ибн Мәліктен (р.а.) риуаят етілген осы хадистің жалғасы былай өрбиді:
Осы мезет бір қарт кісі орнынан түрегеліп, өзінің Ережеп айында түгелдей ораза ұстауға шамасы келмейтіндігін мұңая жеткізгенде: «Ережеп айының басында, ортасында және соңында ауыз бекітсең, бұл айды түгелдей оразамен өткізгендей сауапқа кенелесің», – деген жауап естіп қуанады.
Тақуалыққа бір табан жақындау мақсатында бұл айда нәпіл ораза ұстау турасында мынандай деректер де кездеседі:
«Кімде-кім Ережеп айында біреудің мұқтаждығын өтесе, қиямет күні Алла Тағала оған Фирдаус жәннатынан көз жетер жеріне дейінгі арақашықтықта сарай тұрғызады. Қаперде ұстаңыздар, бұл айда Алла Тағаланың сый-құрметіне лайық болуды қаласаңыз, өзгеге сый-құрмет жасаңыздар» (Абдуллаһ ибн Зүбәйірден (р.а.)).
«Жәннатта бір өзен бар. Ол өзеннің аты – Ережеп. Сүттен ақ, балдан тәтті. Кімде-кім ережеп айында бір күн ораза тұтса, Алла Тағала ол кісіге сол өзеннен сусындауды нәсіп етеді» (Әнас ибн Мәліктен Мұса ибн Имран жеткізген).
Режеп айында қасиетті екі түн бар. Ол екі түн Рағайып және Миғраж деп аталады. Рағайып түні алғашқы аптаның жұмасына, ал Миғраж түні жиырма жетінші түнге сай келеді. Рағайып түнін «жақсылық пен игілікке толы әрі аса құнды, ерекше бағалауды қажет ететін түн» деп түсінеміз.
Негізі Режеп айы Ислам діні келмей тұрып та қасиетті деп есептелген. Ислам діні бұл айға деген құрметті тіптен күшейте түсті.
Құрандағы: «Олар сенен тыйым салынған айда соғысуға бола ма? – деп сұрайды. Сен оларға бұл айда соғысу – үлкен күнә, – де. Ал адамдарды құдай жолынан тайдыру, күпірлік келтіру, Мәсжид-әл-харамда (ғибадат етуге) мүмкіндік бермей, ол жерден адамдарды қуу – Құдай алдында таудай үлкен күнә. Бүлік жасау – кісі өлтіруден де ауыр қылмыс. Олар (мүшрік кәпірлер) сендерді діндеріңнен бездіргенше тоқтамай, сендермен күресе береді. Сендерден кімде-кім өз дінінен безіп, кәпір болып өлсе, оның істеген әрекеттері бұл дүниеде де, қияметте де түкке тұрмайды. Олардың орны – тозақ, онда олар мәңгі қалады» («Бақара», 2/217), – деген аят осыны аңғартуда.
Қасиетті үш айда жасалған жақсылықтар мен ғибадаттарға сауап еселеніп жазылады. Ғалымдардың айтуынша, жай кезде Құранның әрбір әрпі үшін он сауап жазылса, Режеп айында ол сауап жүзге, Шағбанда үш жүзге, ал Рамазан айында мыңға шығады. Жұма түндерінде мыңдап, ал Қадір түні отыз мыңға шығады. Осы тұрғыдан келгенде, сауапқа ынтық жандар үшін бұл айларды шүкіршілік, салауат айтып, жалбарына тілек тілеп, нәпіл құлшылықтармен тиімді өткізудің берері мол.
Режеп айының келуімен алдағы Рамазан айының да лебін сезе бастаймыз. Рамазан айына деген рухани дайындығымызды пысықтай түсуде алдыңғы бұл айлардың берері мол.

Қ. Сабыржанұлы
islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста