Ер адамдардың құшақтап амандасуы дұрыс па?
Екі адам белгілі себептермен ұзақ уақыт көріспеген жағдайда құшақтап амандасуы әбестік емес, мұстахаб. Бұл – сахабалар көрсеткен өнегелерден болып саналады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Дін ислмда «Алла үшін жақсы көру» немесе «Алла үшін дос болу» деген сияқты т.б. құндылықтар бар.
Олардың барлығы мұсылман мен бауырының арасындағы достық пен адалдықты, мейірім мен махабатты қүшейтуді мақсат тұтады.
Сондықтан да екі ер азаматтың бірін-бірі кұшақтап амандасуы арадағы сүйіспеншілік пен сыйластықты одан сайын жақсарта түсері даусыз. Олардың құшақтап амандасуы шынайы достық пен құрметтен басқа теріс сезімді білдірмейді.
Иманды азаматтың құшақ жайып амандасуын арсыздықты ту еткен бір жыныстылардың құшақтасуымен салыстыру мүлдем келмес. Екеуі екі бөлек нәрсе.
Мұсылман азаматтың досына құшақ жайып амандасуы ертедегі сахабалардан қалған үрдіс. Бұл жайында сахабалар «Егер кездесе қалса қол алысатын, ал сапардан келгенде құшақтасатын еді» деп сипатталған (Табарани).
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz