Еліміздің танымал қыз-келіншектері ақша үшін жаппай хиджаб кие бастады

Еліміздің танымал қыз-келіншектері ақша үшін жаппай хиджаб кие бастады

Соңғы уақытта елімізде желіде миллиондаған оқырманы бар атақты адамдар жаппай хиджаб киіп, дінге адалдықтарын көрсете бастады. Қазақстандағы мұсылмандар хиджаб киюі керек пе, әлде мұның бәрі шетелдің дәстүріне таңсық болып жүргендердің әуестігі ме деген даулар қоғамда бұрынғыдан бетер көбеймесе, азайған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мысалы, тележүргізуші Динара Сәтжан дәстүрлі қазақ исламын жақтайтынын айтты.

"Біздің өз мәдениетіміз бен дәстүрлеріміз бар. Біз өз тарихымызды келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Ал егер бірнеше онжылдықта немесе тіпті бірнеше жылдан кейін біздің қазақтар қара хиджаб киіп жүрсе ше?! Біз мұны қалаймыз ба? Менің бұл сұрақты көтеру себебім –  блогерлерге оранғаны үшін ақша ұсынылғанын естідім, айтуларынша, аз сома емес. Мені осы нәрсе шошытады", - деді Динара Сәтжан.

Шынында да, аудиториясы үлкен блогерлер аяқ астынан хиджаб кие бастады. Мысалы, күні кеше оранып жүру туралы шешім қабылдағанын жарияға жар салған Рамина Таипованың 1 миллионнан астам жазылушысы бар.  Ал әнші Кәмшат Жолдыбаеваға желіде 3 миллионға жуық адам жазылған. Бота Балабекованың 500 мыңнан астам оқырманы бар. Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова да хиджаб киіп жүр. Аудиториясы үш миллион адамнан асады.

Аталған арулардың барлығы салыстырмалы түрде жақында және бір уақытта хиджаб кие бастағанын атап өтпеске болмас. Қыздар ақша үшін оранды деуге қақымыз жоқ. Алайда, тенденцияның өзі алаңдатады: Қазақстанда хиджабты насихаттауға кімге тиімді?

Айтпақшы, Қырғызстанда да осындай үрдіс байқалып жатыр. Мәселен, 3 миллион жазылушысы бар танымал блогер Анжелика Қайратова хиджаб киюге көшті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда исламды ұстанатын балалардың қорғаушысы және сегізінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне кандидат Олжас Біләлов ежелгі уақытта қазақтардың қандай киім кигеніне қатысты сұрағымызға жауап берген.

"Мен аймақтарды аралап, барлық жерде мұражайларға барамын, байқағаным – фотосуреттерде біздің апаларымыздың бәрінің басы жабық. Сіз менің жұбайыммен таныса аласыз – ол өте ашық адам және әдемі киінеді – оны ешкім хиджаб киюге мәжбүрлемейді – бұл оның өз сенімі", - деген еді Біләлов.

Ulysmedia.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста