Екінші әйел алатын еркек қандай болуы керек?

Екінші әйел алатын еркек қандай болуы керек?

Асыл дінімізде көп әйел алуға Алла Тағала рұқсат берген. Мұны екінші, үшінші, төртінші әйел алуға Алла бізді міндеттеді, парыз етті, солай бұйырды деп қате түсініп қалмаңыз. Көп әйел алудың Ислам дініндегі үкімі – парыз не уәжіп емес. Тек кейбір жағдайларға байланысты рұқсат етілген жол ретінде ғана қарастырылады. Қазіргі таңда жасыратыны жоқ, екінші әйел алу кейбір дәулетті еркектердің ермегіне айналып барады. Қазір некелерін ың-шыңсыз қидырып, «үй ішінен үй тігіп» жүргендер өте көп. Сондай-ақ, тұрмысы жүдеу еркектердің де жасырын некемен екінші отбасын құрып жүргенін көз көріп жүр. Ал шын мәнінде шариғат жолымен екінші әйел алатын еркек қандай болуы керек?!

Жарыңызға дінді үйрету үшін алдымен өзіңізді жарылқаңыз! Екінші әйел алуға ниет еткен әрбір ер азамат алдымен өзінің иман деңгейіне баса назар аударғаны дұрыс. Себебі, «ізгі әйелдер ізгі еркектерге» ғана тиесілі. «Бізге екінші әйел алуға рұқсат етілген ғой» деп айтып алып, өздері Алла парыз еткен намаздарды дұрыс орындамай, әсіресе, таң намазына да тұра алмайтын еркектер де бар. Ер адамның ең басты міндеті – отбасы мүшелеріне дұрыс тәрбие беріп, пайдалы ілім үйрету. Және тәрбиелеуде діни қағидаттарға сүйенгені абзал. Отағасы үшін отбасы мүшелеріне діни мəліметтерді үйреніп, құлшылықтарын орындай алатын жағдай жасау да негізгі міндеттердің бірі. Мұсылманның білімі телегей теңіз болғаны жарасымды. Отағасы ретінде əйелі мен бала-шағасына имани мəселелерді (ақида), харам мен халалды үйретуі керек. Білім беруде ең бірінші діни құндылықтарды үйрету парыз. Сондықтан, екінші, үшінші және төртінші әйел алсаңыз да, алдымен өзіңіздің иманыңызға берік болыңыз. Себебі, иманды адам ешқашан өзіне де, өзгеге де қиянат жасамайды.

Жауапкершілікке абай болыңыз! Батыстық ғалым Густав Ли Вон: «Мұсылмандардың көп әйелмен некелесуі – заңды түрде бір әйелмен некелесіп, жасырын түрде көп әйелмен көңілдес болып жүре беретін еуропалықтардан әлдеқайда артық» деп ашық мойындаған екен. Артық болған істің ең басында жауапкершілік мәселесі тұр. Ер кісінің екі жанұяны бірдей басқаруға қабілеті жеткіліксіз болса немесе екінші әйел алған жағдайда бірінші жанұяның шаңырағы шайқалар болса, мұндай іске барудың өзі қатерлі әрі жауапкершілігі де ауыр. Көп әйел алудың өзіндік күрделі шарттары мен арнайы талаптарының барын ескерер болсақ, көп әйел алудың әркімнің батылы жете бермейтін жауапкершілігі зор іс екенін байқаймыз. «Әйел – Алланың аманаты» екенін ұмытпаңыз. Сондықтан үйленетін адамның өз жағдайын, жанұясының әрі қоғамның ахуалын, тыныс-тіршілігін есепке алмастан мұндай қадамға баруы мүлдем дұрыс емес.

Әйелдер арасында әділ болғаныңыз үшін сауап аласыз! Алла Тағала Құранның «Ниса» сүресінде: «Егер әйелдер арасында әділдік жасай алмаймын деп қорықсаңдар онда біреуі жеткілікті...» деген. Сондай-ақ, осы сүреде: «Қанша тырыссаңдар да әйелдердің арасында әділдік етуге (яғни, барлығын бірдей дәрежеде жақсы көруге) шамаларың жетпейді. Ендеше біреуіне бар назар аударып, екіншісін күйеусіз қалғандай жағдайда қалдырмаңдар» деп ескертеді. Екінші әйел алған еркек әйелдерінің арасында қара қылды қақ жарардай әділдік тең қарым-қатынас құруы керек. Біреуіне жылы шырай танытып, екіншісімен суық қарым-қатынас жасау, біреуінің жанында көп болып, екіншісінікінде аз уақыт болу секілді көңілдеріне кірбің салар әділетсіз араластықта болу дұрыс емес. Біреуіне жағдай жасаса, екіншісіне де дәл сондай жағдай жасауы керек. Ал мұндай талаптарды орындай алатындардың саны өте аз екені айтпаса да түсінікті. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Екі әйелі бар кісі әйелдерінің береуімен артығырақ қарым-қатынас жасап, әділетсіздікке жол беретін болса, ондай адам ақырет күні бір иығы төмен салбыраған күйде келеді» (Насаи) – деп әйелдерінің арасында әділетсіз қарым-қатынас жасаған еркектің ақыреттегі аянышты жағдайын білдірген.

Қай әйеліңізді де асырап, бағуға міндеттісіз! Әйелді асырау, киіндіру, тапқанын ысырап етпей ретімен жарату ер адамның мойнындағы жауапты іс. Ең бірінші отбасына жақсылық жасауы тиіс. Еңбектенбей өзіне жүктелген міндетті ескермей жалқаулыққа салынып отбасына мән бермей, көңіл бөлмей жүрген жандар қияметте жауапқа тартылады. Алла Елшісі (с.а.у.) бір күні сахабаларына: «Адамның ең жаманы отбасына қиыншылық көрсеткен кісі» деген. Отбасын караусыз қалдырып, қажеттілігін өтемей қайырлы іс деп тапқанын сыртқа жіберген ердің садақасы қабыл болмайды. Алла Тағала отбасын, бала-шағасын асыраған еркекке сауап жазады. Көп әйел алу – әркімнің батылы жете бер­мейтін жауапкершілігі мол іс екендігі ақиқат. Себебі, ер кісінің екі отбасын бірдей басқаруға жағдайы болуы қажет. Мәселен, бірінші әйеліңізді зәулім сарайда, ал екінші әйеліңізді лашықта тұрғызуға болмайды. Бірақ, бала санына қарай өзгерістер болуы мүмкін. Қандай жағдай болса да, екі жақты тең ұстауды ұмытпаңыз. Ендеше, әр адам өз санасы мен жағдайына байланысты бұл сұраққа өзінше жауап іздеп көрсін. Себебі, ардақты пайғамбарымыз (с.а.у.) «...Ер адам отбасы үшін жауапкер және отбасы үшін сұралады», – деген.

Мақалада Қ.Жолдыбайұлының "Күдікпен күрес" кітабынан деректер пайдаланылды 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста