ЕКІ ЖАСТАН КЕЙІН ОМЫРАУ ЕМГЕН БАЛА СҮТ БАУЫР САНАЛА МА?

ЕКІ ЖАСТАН КЕЙІН ОМЫРАУ ЕМГЕН БАЛА СҮТ БАУЫР САНАЛА МА?

Шариғат бойынша омыраудағы бала бір әйелді емсе, емізуші әйел баланың сүт анасы, ал балалары сүт бауырлары болып есептеледі. Сондықтан ол бала ержеткен соң оны емізген әйелдің апасы, сіңлісі және емізу жағынан байланысты болған барлық әйелге үйленуіне болмайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі fatua.kz-ке сілтеме жасап.

Алла Тағала Құранда: «Сүт аналарыңмен, омыраулас әкпе-қарындастарыңа некелесу арам етілді»[1] деген. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тек жағынан не харам болса, емізу арқылы да сол нәрсе харам болады»[2] деген. Яғни, ему арқылы туыстық қатынас бекіп, бір омыраудан емген ұл мен қыз бір-біріне сүт бауыр болып, шариғат бойынша некелесулеріне болмайды. Бұл үкім Құран және хадисте анық айтылған.

 

Ханафи мәзһабы бойынша сәби емген сүттің мөлшеріне қарамастан сүт бауыры болуына жеткілікті. Нәрестені емізу мерзіміне келер болсақ, Имам Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша емізудің мерзімі – отыз ай (екі жарым жыл).

 

Бұған Құраннан мынадай дәлел келтіреді: وَالْوَالِدَاتُ يُرْضِعْنَ أَوْلاَدَهُنَّ حَوْلَيْنِ كَامِلَيْنِ لِمَنْ أَرَادَ أَن يُتِمَّ الرَّضَاعَةَ

 

«Аналар емізудің уақытын толық сақтағысы келсе, оның мерзімі –толық екі жыл»[3].

 

Осы аяттан кейін:   فَإِنۡ أَرَادَا فِصَالًا عَن تَرَاضٖ مِّنۡهُمَا وَتَشَاوُرٖ فَلَا جُنَاحَ عَلَيۡهِمَاۗ

 

«Егер әке-шеше ризалықпен кеңесіп, (омыраудан) шығарамыз деген шешімге келсе, екеуіне де күнә жоқ» дейді.

 

«Бұл аяттан баланы екі жылдан кейін де емізуге болатынын түсінеміз. Баланы бірден омыраудан шығару мүмкін емес. Сәби омыраудан шығып, бірқалыпты жағдайға келгенше біраз уақыт қажет. Әдетте мұндай бейімделу жүктіліктің ең аз мерзімі секілді алты айға созылады. Сондықтан сүт бауырлардың үйленуінің харамдығы омырауды екі жыл алты айға дейін ему мерзімімен бекітіледі» дейді[4].

 

Имам Зуфар емізудің мерзімі үш жыл десе, Имам Мәликтің көзқарасы бойынша, екі жыл және оған қосымша бірнеше күндер. Ал Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша емізудің мерзімі – екі жыл. Бұл жұмһур сахабалар мен табиғиндардың пікірі әрі Ханафи мәзһабында осы көзқарасқа пәтуа берілген.

 

Алла Тағала Құранда: وَالْوَالِدَاتُ يُرْضِعْنَ أَوْلاَدَهُنَّ حَوْلَيْنِ كَامِلَيْنِ لِمَنْ أَرَادَ أَن يُتِمَّ الرَّضَاعَةَ

 

«Аналар емізудің уақытын толық сақтағысы келсе, оның мерзімі –толық екі жыл»[5] - делінген.

 

Тағы бір аятта: وَفِصَٰلُهُۥ فِي عَامَيۡنِ

 

«Екі жыл дегенде барып омыраудан шығарады»[6] деп баяндалған.

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі жылға дейін болса ғана сүт арқылы туыстық бекітіледі» дейді. Мұны Ибн Әбу Шәйба Алиден, Ибн Масғудтан, Даруқұтни Омардан жеткізген: «Кішкентай бала екі жылға дейін емсе ғана сүт арқылы туыстық болады» деген риуаяты қуаттайды[7].

 

Өйткені нәресте осы уақыт аралығында сүт ему арқылы дене-бітімі қалыптастады. Сондықтан екі жастан асқан бала бөгде әйелдің омырауын емсе ол үйленуді харам етпейді әрі оның сүт баласы бола алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста