Екі рет тұрмыс құрған әйел о дүниеде қайсысымен бірге болады?

Екі рет тұрмыс құрған әйел о дүниеде қайсысымен бірге болады?

Пайғамбарымыздың жұбайы Үмму Сәләмә бір күні Пайғамбардан (с.а.у.):

 

–Уа, Алла Елшісі! Кейбір әйелдер осы дүниеде екі рет, үш рет, тіпті төрт рет тұрмысқа шығып жатады. Олар өлгеннен кейін онымен бірге бәрі жәннатқа кірсе, олардың қайсысы оның жұбайы болмақ?- деп сұрайды.

 

– Үмму Сәләмә, оған таңдау еркіндігі беріледі. Ол арасындағы ең әдептісін таңдайды да Жаратушы Иеге: «Уа, Раббым! Мына кісі өткен дүниеде күйеулерімнің ішінде ең әдептісі еді. Мені соған қоса гөр!», – деп тілейді. Уа, Үмму Сәләмә! Көркем мінезді адам екі дүние жақсылығын алмақ[1].

 

Осы хадиске орай, күйеуі қайтыс болып, екінші ерге шыққан әйел, егер өзімен қоса, бұ дүниедегі күйеулері де пейіштік болған болса, әйелге таңдау еркіндігі беріледі.

 

Әйткенмен, «ең соңғы мәрте қайсысымен тұрмыс құрған болса, сол ерімен (ол да пейішке кірсе) бірге болмақ» дегендер бар. Өйткені, сахаба Хузайфа өзінің жарына: «Пейіште де менің жарым болғың келсе, менен кейін басқаға тұрмысқа шықпа. Шынында, әйел бұ дүниеде соңғы рет кіммен тұрмыс құрған болса, сол ерімен бірге пейіште болады...»[2], - дегендігі хадис кітаптарында келтірілген.

 

Ал, бірінші жары қайтыс болып, екінші рет үйленген ер кісі (екі зайыбының ешбірі бұрын тұрмыста болмаған болса), пейішке кірген жағдайда екеуін де өзіне жар етіп алады деуге негіз бар. Өйткені, Құран Кәрімде: «Сендер де, жұбайларың да жәннәтқа кіріңдер! (Жәннәтта) Сендер шаттыққа бөленесіңдер!»[3], - делінген.

 

[1] Әл-Һәйсәми, Мәжмағуз Зәуәид – 7/184, №11396 хадис.

[2] Әл-Байхақи, әсс-Сүнәнуль Кубра - №12424 хадис.

[3] Зухруф сүресі – 70 аят.

 

 

Абдусамат Қасым

islam.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста