Егер тілегің дәл қазір орындалады десе...
Бір күні хазірет Омар (р.а.) жиналғандардан: &minus Егер тілектерің дәл қазір орындалатын болса, не тілер едіңдер? &ndash деп сұрапты. Сонда олардың бірі: &minus Көп алтыным болса, бәрін Ислам жолында жұмсар едім, &ndash депті.
Ал екіншісі:
 
&minus Осыншалық байлыққа кенелсем, мен де Ислам дініне пайдамды тигізер едім, &ndash дейді. Қалғандары да осы тектес армандарын айтады.
 
Хазірет Омар (р.а.) бірақ ешбірінің жауабын құптағандай сыңай танытпайды.
 
Көпшілік халифаның өзінің не қалайтынын сұрағанда, ол: &minus Мен Муаз, Сәлім, Әбу Убәйдә секілді мұсылмандардың тәрбиеленгенін қалар едім.
 
Бұл Исламның дамуы үшін жасалған үлкен қызмет болар еді, &ndash деп, асқақ арманының қайырлы ұрпақ тәрбиелеу екенін білдіреді.
 
Біз де баламыздың тәрбиесін ерте жастан қолға алып, бойына имандылықты еге білсек, өскенде қоғамға пайдалы тұлға болуына жол ашамыз.
 
 
 
«Исладағы бала тәрбиесі» кітабынан