Дұға қабыл болатын уақыттар
1. Түннің соңғы үштен бір бөлігі (таң сәріде). Пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Біздің кемшіліктен пәк, әрі Ұлы Раббымыз әр түннің соңғы үштен бір бөлігі қалғанда дүние аспанына түседі. Сол кезде Алла: «Кім маған дұға қылса, Мен оған жауап беремін. Кім Менен сұраса, Мен оған беремін. Кім Менен кешірім сұраса, Мен оны кешіремін», - дейді», - делінген (Бұхари, Муслим).
2. Рамазан айында. Қасиетті Рамазан айының әсіресе соңғы он күнінде, соның ішінде мың айдан да артық түн Қадір түнінде. Айша анамыз (р.а.): «Бір күні Алла елшісінен (с.ғ.с): «Уа, Алланың елшісі! Егер мен Қадір түні екенін білсем, не айтуым керек?» деп сұрадым. Ол (с.ғ.с.): «Я, Алла! Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Ендеше мені кешіре гөр!» - деп айт», - деді», - деген.
3. Ауызашар уақытында.
4. Жұма күні. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Осы күні бір сәт бар. Егер мұсылман намаз оқып Алла тағаладан бір нәрсе сұрап жатқан кезде сол уақытқа тап келсе, Алла тағала оған сұрағанын береді» - деген (Әбу Һурайрадан Бұхари мен Муслим риуаят еткен).
5. Арафа күні. Бұл күні дұғалар қабыл болады, кешірім тілеушілер кешіріледі.
6. Азан мен қамат арасында. Тағы бір хадисте: «Азан мен қамат арасында жасалған дұға қайтарылмайды» - делінген (Тирмизи).
7. Азан айтылып жатқанда.
8. «Қажылық еткендердің дұғасы қабыл болады» (Табарани).
9. Рәғаиб, Бәрат және жұма түні
10. Рамазанның бірінші түні