Дінтанушы Бекболат Тілеуханның үстінен арыз түсірді

Дінтанушы Бекболат Тілеуханның үстінен арыз түсірді

Белгілі зерттеуші, дінтанушы Тұрарбек Құсайын экс-депутат Бекболат Тілеуханның үстінен прокуратураға арыз түсіргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ата-баба дәстүрін ұстанатын зайырлы көпшілікті кәпір, малғұн, ібіліс, шайтанның әскеріне теңеген. Бұл қорлау болып есептеледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Саяси «Исламның» белді насихатшысы Бекболат Тілеухан журналист Нартай Аралбайұлына берген пропагандалық сұхбатта мені ашық түрде кәпір деді және сол сөзімен Қазақстандағы Тәңір дүниетанымы мен ата-баба дәстүрін ұстанатын зайырлы көпшілікті кәпір, малғұн, ібіліс, шайтанның әскері деген сияқты ксенофобиялық формадағы діни терминдермен айыптады.

 

Мысалы ҚАЗМҰУ-інің дінтанушы магистрі Әл-Фараби Болатжанның пікірінше Бекболат Тілеухан өзінің оппоненттерін «шайтан, ібіліс, малғұнның әскері» деп айыптауы сөздік мағынасы (семантика) жағынан дұрыс емес, анығында «шайтан» мен «ібілісті» кейбіреулер мифологиялық кейіпкерлер ретінде қарастырып, аса назар аудармауы мүмкін, бірақ "малғұн" деген сөздің нақты семантикасы бар: ол сөз араб тілінен енген "лағынет астында, лағынетті, қарғысталған" дегенді білдіретін "مَلْعُونٌ" [маль'уун] сөзі.

 

Демек, біреуді лағынетті, қарғысталған деу бұл тіл тигізу мен қорлауға жатады дейді.

 

Соған байланысты ҚР Бас Прокуратурасынан ҚР ҚК 174-бабына сәйкес Бекболат Тілеуханның экстремистік сарындағы сөздері өте жіті тексеріліп,тиісті бағасы берілуін өтініп сұраймын!!!

 

Бүгін ресми түрде ҚР Бас Прокуратурасына өтініш-арызымды жолдадым», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста