Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ

Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ

Дінді насихаттаудың бір құралы әдебиет десек, бүгінгі таңда бұл жағына қатаң назар аударылуда. 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 9-бабында «діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, дінге қатысты құралдарды тек қана ғибадат үйлерінде (құрылыстарда), діни білім беру мекемелерінде, сонымен қатар, облыс (республикалық маңызды қалалардың, астананың) жергілікті атқару органдары арнайы бекіткен арнайы стационарлық үй-жайларында таратуға болады» делінген.
Заңмен шектеу қойылғанына қарамастан, әлі де бірлі-жарым сауда орындарында діни кітаптардың саудасына жол берілген жайы бар. Мәселен, Екібастұздағы «Алиса» сауда үйі Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі №261/9 «Діни әдебиетті және діни мазмұнды өзге ақпараттық материалдарды, дінге қатысты құралдарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайларының орналасу орындары туралы» қаулысының қосымшасындағы тізімге енбегеніне көрсетілмегеніне қарамастан, мұндағы №13 бутик діни әдебиет пен СD-дискіні саудаға қойған.
Әдебиет демекші, қазір небір сиқыр, магияның түр-түрін үйрететін кітаптар еркін саудада. Бұл кітаптардың діни экстремизмге қатысы болмағанымен, адам санасын улап, теріс жолға алып баратын көпір рөлін атқаруы әбден ықтимал. Оның үстіне, сиқыр жасауға дәстүрлі діндер мүлдем қарсы. Бұл туралы да ойлану керек-ақ.
Дамир Сиразидимов, Екібастұз қалалық ішкі істер басқармасының бастығы:
–Діни мазмұндағы кітаптар саудасы құқыққорғаушылардың қатаң назарында тұр. «Алиса» сауда үйінен алынған кітап пен дискіге Астана қаласындағы ҚР Дін істері жөніндегі агенттігінде дінтану сараптамасы тағайындалды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста