Дін мен дәстүр: Қазақтың мақал-мәтелі де Ислам дінімен үндесіп тұрады

Дін мен дәстүр: Қазақтың мақал-мәтелі де Ислам дінімен үндесіп тұрады

Діни сенімге дәлел сөздер

Қазақ халқының мақал-мәтелдерінен, ел аузында жүрген сөз оралымдары мен өлең шумақтарынан имани ұғымдар мен ұстанымдардың жарқын мысалдарын таба аламыз. Мұның өзі Алаш жұртының салт-санасының, ақыл-ойының асыл діннен ажырамағандығын көрсетеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін діни мәтіндерді, нақыл сөздерді мән-мағынасы жағынан олармен бірдей немесе ұқсас ел арасында кең тараған мақал-мәтелдермен, сөз оралымдармен салыстыра ұсынып отырмыз. Ұлттың ұтқыр ойлау жүйесінде ойып тұрып орын алатын осы айтылымдар дәстүрлі қазақ мәдениетінің Ислам дінімен біте қайнасып жатқандығын айғақтайды. Салт-сананың шынайы сеніммен сабақтасып жатқандығын білдіреді.
Хадис: «Алланың атымен басталмаған әрбір маңызды сөз бен іс шолақ». Қазақ мәтелі: «Сөздің басы бісміллә, бісмілләсіз іс қылма».

*****

Құран Кәрімде: «Мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән».
Қазақ мақал-мәтелдері: «Мақтауға Алла ғана лайық»; «Кірсіз – ай, мінсіз – бір Құдай»; «Ей, айташы, Алланы айт».

*****

Хадисте: «Қайда болсаң да Алладан қорық».
Қазақ мақал-мәтелдері: «Халықтан ұял, Құдайдан қорық»; «Құдайдан қорықпағаннан қорық»; «Қорқуға Құдай ғана лайық».

*****
Хадисте: «Бірдеңе сұрасаң, Алладан сұра. Жәрдем тілесең, Алладан тіле». Қазақ мақал-мәтелдері: «Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады»; «Аллаға сиынған құстай ұшады, адамға сиынған мұрттай ұшады».

*****

Құран Кәрімде: «Әлемдердің Раббысы Алла қаламаса, қалай алмайсыңдар». Қазақ мақалы: «Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады».

*****

Құран Кәрімде: «Оған (Аллаға) ұқсас ештеңе жоқ! Әрі Ол – Естуші һәм Көруші!» (Шура, 11). Хадисте: «Алла болды, Одан басқа ештеңе де болған жоқ».

Қазақ өлеңдері:
Мәшһүр Жүсіп иләһи сипаттар туралы былай деген:
Ол – Алла жисм, жауһар, ғариз емес,
Боларға басқа басқа бөлектенбес.
Алланы еш нәрсеге ұқсатуға,
Еш нәрсе Оған ұқсап жөні келмес.
Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес,
Мекенін бір Алланың ешкім білмес.
Сипаты сегіз болған, бірі – кәләм,
Сөйлейді құдіретімен Алла Тағалам
Сөйлеуі біздей тілмен, жақпен емес,
Тіл, жаққа мұқтаж емес секілді адам
Алды-арты, асты-үсті, оң-солы жоқ,
Ауыз, мұрын, аяқ, бас, көз, қолы жоқ.
Еш нәрсеге ұқсамайды Ол һәм еш нәрсе де,
Кітаптың айтқанынан ойлама көп.
Данышпан Абай Құнанбайұлы қазаққа ортақ мұсылманшылық танымды былай жеткізеді:
Мекен берген, халық қылған Ол – лә мәкән,
Түп Иесін көксемей бола ма екен?
Және Оған қайтпақсың, оны ойламай,
Өзге мақсат ақылға тола ма екен?

*****

Құран Кәрімде: «...Қандай да бір жапырақ жерге түспесін, (Алла) оны да біледі...». Қазақ мақалы: «Құдайсыз қурай сынбас»; «Тағдыр – Тәңір ісі».

*****

Құран Кәрімде: «Ешбір жан ертең не істейтінін білмейді, ешбір жан қашан өлетінін білмейді». Қазақ мақал-мәтелдері: «Алдағыны Алла біледі»; «Ертең не боларын ешкім білмейді»; «Өлім айтып келмейді».

*****

Хадисте: «Қаламдар көтерілді, парақтар кеуіп кетті (яғни тағдыр тақтасына бәрі жазылды)». Қазақ мақал-мәтелі: «Қуған жетпес, бұйыртқан кетпес»; «Тағдырдан қашып құтыла алмайсың».

*****

Құран Кәрімде: «...Алланың рахымынан күдер үзбеңдер..». Қазақ мақал-мәтелдері: «Үмітсіз – шайтан»; «Күніне тоқсан пәле көрсең-дағы, Сонда да күдер үзбе бір Алладан»; «Тәңір ісінен түңілу – күпірлік».

*****

Хадисте: «Жұмақ – аналардың аяқтарының астында». Қазақ мақалы: «Жұмақ – ананың аяғының астында».

*****

Хадисте: «Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында». Қазақ мақалы: «Ата-ана разы болмай, Алла разы болмас».

*****

Хадисте: «Білім іздену әрбір мұсылман ер мен мұсылман әйелге парыз». Қазақ мақал-мәтелдері: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»; «Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен»; «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»; «Білім таппай мақтанба, өнер таппай баптанба»; «Ақыл азбайды, білім тозбайды».

*****

Риуаятта: «Білімді бесіктен табытқа дейін іздеңдер». Қазақ мақал-мәтелдері: «Білімді тал бесіктен, жер бесікке дейін іздеңдер»; «Жүз жыл өмір сүр, жүз жыл үйрен».

Хадисте: «Уа, Алла! Өзіңмен пайдасыз білімнен сақтанамын». Нақыл сөз: «Амалсыз білім жеміссіз ағаш». Қазақ мақалы: «Еңбегі жоқ ғалым – ыстығы жоқ жалын».

*****

Нақыл сөз: «Білім – нұр, надандық – қараңғылық». Қазақ мақалы: «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп»; «Білім – гауһар, бағасы жоқ, надандық – кесел, дауасы жоқ».
*****

Құран Кәрімде: «(Аяттардан) ақыл иелері ғана үгіт алады». Хадисте: «Адам дәл ақылдан асқан артықшылыққа ие болған емес. Ақыл иесін тура жолға салады, жамандықтан қайтарады. Ақылы кемелденбейінше пенденің иманы толықпайды, діні түзелмейді». Қазақ мақал-мәтелдері: «Ақылмен алтын табылар, алтынмен ақыл табылмас»; «Ақыл – адам көрігі, сабыр – ақыл серігі»; «Ақыл азбайды, әділдік тозбайды»; «Ақыл айнымас, алтын шірімес»; «Ақылдының сөзі – дарияның өзі»; «Ақыл – алтын сандық, адамына қарай ашылар»; «Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді».

*****

Хадисте: «Даналық сөз – мүміннің жоғалтқаны, егер тапса, оны алуға басқадан гөрі хақылы». Қазақ мәтелдері: «Білімдіден шыққан сөз – талаптыға болсын кез»; «Нақыл сөз – ниеті аққа жақын сөз».

*****

Хадисте: «Сөздің сиқырлы күші бар». Қазақ мақал-мәтелдері: «Өнер алды – қызыл тіл»; «Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады»; «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады»; «Ақынның тілі қылыштан өткір».

*****

Хадисте: «Әрбір мақамның, орынның өз сөзі бар». Қазақ мақал-мәтелдері: «Орынды айтылған сөз орнына қағылған шегедей»; «Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар»; «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

*****

Нақыл сөз: «Сөздің қайырлысы – аз әрі саз болғаны». Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) айтқан. Қазақ мақал-мәтелі: «Көп сөз ұтпайды, дөп сөз ұтады»; «Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын».

*****

Хадисте: «Отбасыңа кірген кезде оларға сәлем бер. Ол өзіңе де, отбасыңа да береке әкеледі». Қазақ мәтелдері: «Сәлем сөздің – анасы»; «Сәлем беру – сүннет, қайтару – міндет».

*****

Хадисте: «Кімде-кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірген болса, жақсы сөз сөйлесін, не үндемесін». Қазақ мақалдары: «Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық, бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық»; «Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер».

«Дін мен дәстүр»
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 07.02.2015 06.02.201505.02.201504.01.201503.02.201502.01.201501.02.201531.01.2015, 30.01.2015, 29.01.2015, 28.01.2015, 27.01.2015, 26.01.2015, 23.01.2015, 22.01.2015, 21.01.2015, 20.01.2015, 19.01.2015, 18.01.2015, 17.01.2015, 16.01.2015, 15.01.2015, 14.01.2015, 13.01.2015, 12.01.2015  30.01.2015).

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста