Дәреттің парыздары қанша?

Дәреттің парыздары қанша?

Дәреттің парыздары Олар:

 

1. Бетті тігінен – маңдайдың шетінен бастап иектің астына дейін, ал көлденеңінен – оң құлақтың жұмсағы мен сол құлақтың жұмсағына дейінгі аралығын жуу.

 

2. Екі қолды саусақтардың ұштарынан бастап екі шынтағымен бірге жуу.

 

3. Аяқтарды башпайдардың ұшынан бастап тобығымен бірге жуу. Дәретте дененің бұл мүшелері міндетті түрде жуылуы тиіс. Осы жерлерде иненің ұшындай жеріне су тимесе дәрет дұрыс болып есептелмейді.

 

4. Ал мәсіх тартылатын, яғни сулы қолмен сүртілетін мүше біреу, ол – бастың төрттен бір бөлігі. Бастың жоғарғы жағына толығымен сулы қолдармен сипап өту – сүннет.

 

Осы төртеуі дәреттің дәреттің парыздары деп аталады.

 

Сұрақ: Екі шынтақ пен екі тобық та жуылуы тиіс пе?

 

Жауап: Иә,оларды толықтай жуу дәреттің парызына жатады.

 

Сұрақ: Дәретте аталған үш мүшенің жуылуы парыз екендігіне қандай дәлел бар?

 

Жауап:  Бұл туралы Алла Тағала Құран Кәрімде Мәида сүресінің 6-аятында : «Әй, мүминдер! Қашан намазға тұрасыңдар жүздеріңді және қолдарыңды шынтақтарына дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар. Сондай-ақ, аяқтарыңды тобықтарына дейін (жуыңдар)» –деген.

 

Сұрақ: Ал, бастың ширегіне мәсіх тарту қайдан алынды?

 

Жауап: Оған дәлел – ардақты сахаба Муғира ибн Шуғба (р.а.) риуаят еткен хадис. Ол Пайғамдардың  (с.а.с) дәрет алғанда басының төрттен біріне мәсіх тартқандығын жеткізген. Имам Муслим риуаят еткен.

 

 

 

fatua.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста