Бұл істердің сізге пайдасы тимейді
Іспен дәлелденбейтін білім.
Құранда: «О, сенім келтіргендер! Өздерің істемейтінді неге айтасыңдар? Алла Тағала айтқанын істемейтіндерді жек көреді»-делінген. (Құран 61:2-3)
Хадисте: «Адам қайтыс болғанда үш ісінен басқа істерінің бәрі тоқтайды. Өлмейтін үш ісі ғана бар: берген садақасы, адамдарға пайда әкелетін ілімі және ол үшін дұға жасайтын баласы».
«Білім алып, бірақ оны өзгелерге үйретпейтін адам өзіне берілген байлықтан құрбандық бермегенге тең»-делінген.
Шынайы ниетсіз жасалған істер
Хадисте: «Шынында іс ниетке байланысты бағаланады және расында әр адамға ниет еткеніне қарай беріледі»-делінген.
Алла елшісі: «Дін – бұл шынайылық»-дейді.
Босқа кеткен уақыт
Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қиямет күнінде төрт нәрсе туралы сұралғанша құлдың аяғы қозғалмайды: өмірін қалай өткізгені туралы, жастық шағын қандай іске жұмсағаны, білімін қалай қолданғаны, дүние-мүлікті қалай тапқаны және оны қайда жұмсағаны туралы»-дейді.
Сондай-ақ: «Алладан берілген екі нығмет бар: бірі денсаулық, екіншісі – бос уақыт. Көп адамдар мұны әділ бағаламайды»-деген.
Харам жолмен тапқан табыс
Алла елшісі: «Аллаға тәуекел етіп еңбек етсеңдер Ол сендерді тамақтандырады; Оның күн шыққанда ұясынан ұшып күн батқанда оралатын құстарды қалай азықтандыратынына қарамайсыңдар ма»-дейді.
«Қандай табыс ең жақсы табыс?»-деп сұрағандарға Алла елшісі: «Адамның қол еңбегімен және кез-келген адал саудасымен келген табыс»-деп жауап берген екен.
Алланың разылығын алуға ұмтылмайтын жүрек.
Алла елшісі: «Егер әлдекім адамдардың ашуын шақыратын істе Алланың разылығын іздесе, Алла оны қиындықтардан құтқарады. Ал кім адамдардың разылығын іздеп Алланың ашуын шақырса Алла оны адамдарға тапсырады»-деген.
Аллаға құлшылық қылмайтын дене.
Адам Алла Тағалаға өзінің бар дене мүшесімен құлшылық қылады. Аллаға құлшылық қылмаған дененің толыққанды өмір сүруі, толықтай сау болуы мүмкін емес.
Қажетсіз ойлар
Мұхаммед Пайғамбарымыз: «Расында менің үмбетім ой-санасына келген ойларын істері мен сөздерінде көрсетпейінше, ол ойларын Алла Тағала кешіреді»-деген.
Басқа бір хадисте: «Періште адамды жақсылыққа үгіттейді, оған осы мүмкіндіктің жолын көрсетеді, бірақ шайтан келіп жамандыққа үгіттеп, соның жолын көрсетеді»-делінген.
Пайдасы жоқ қарым-қатынас
«Адам досының дінінде болады. Сондықтан сендердің әрқайсыларың жақын достарының кім екеніне қарасын!»