Биыл мұсылмандар 29 күн ауыз бекітеді

Биыл мұсылмандар 29 күн ауыз бекітеді, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz порталы ҚМДБ-ның Павлодар өңірі бойынша өкіл имамы, Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің бас имамы Нариман Исеновке сілтеме жасап. Айта кетейік, әр жылы Рамазан айының қарсаңында мұсылман жұртшылығында "Биыл жиырма тоғыз күн ауыз бекітеміз бе, әлде отыз күн бе?" деген сұрақ туындайды.

"Биыл мұсылмандар 29 күн ауыз бекітеді. Сағынышпен қауышып, қимай қоштасатын қасиетті Оразаның тарауық намазы облысымыздың барлық мешіттерінде маусым айының 17-сі кешкі 23.00 шамасында басталады. Тарауық намазы хатыммен оқылады. Қадір түні шілденің 13-інен 14-не қараған түні болады. 17-шілдеде таңғы алты шамасында айт намазы оқылады. Пітір садақа құны - 200 теңге", - дейді Исенов.

Оның айтуынша, ауыз бекіткендерге Рамазан айында сұйық тағамдарды көптеп тұтынып, спорттық жарыстарға аздап қатысу керек. Ал Мәшһүр Жүсіп мешітінің наиб имамы Нұржан Манапбаевтың айтуынша, ораза кезінде түрлі шаралар ұйымдастырылады.

"Орталық мешітте "Әуенді азаншылар" атты азаншылар байқауы және "Хадис білгірі" атты жарыстар өтеді. Сонымен қатар, "Аталы сөз - алтын нәр" атты ақсақалдар арасында бата жарысы ұйымдастырылады. Жүлдегерлер Қадір түнінде бағалы сыйлықтармен марапатталады",- дейді Манапбаев.

Айта кетейік, биыл Қазақстанға Түркиядан алты қари келеді. Солардың екеуі Павлодар өңірінде тарауық намазын жүргізеді.

kaz.tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста