«Беттеріне жүн, көкіректеріне жалған дін байлап жүр»: Танымал ақын хиджабқа оранып, өзге діннің жетегінде кеткендерді қатаң сынға алды

Қазақ адам өліп жатқанда да қара кимеген, қатыны мен қызы қара жамылмаған.

Танымал ақын Светқали Нұржан «Halyq uni» басылымына сұхбат беріп, өзге діннің жетегінде кеткен адамдарды сынға алды. Оның айтуынша қазақ халқы ешқашан «қара жамылып, бетін тұмшаламаған», деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Ақынның жанайқайы желідегі парақшалардың бірінде пайда болды.

«Беттеріне жүн, көкірегіне жалған дін байлап алып жүрген бауырларымызбен, айдың күннің аманында бетін қара жамылып жүрген... Қазақ адам өліп жатқанда да қара кимеген, қатыны мен қызы қара жамылмаған. Осындай жаман ырымдарға әкеліп жүрген осы кесапат. Бұл дүниежүзінің құпия күштері жасаған зұлмат ағымдар. Біздің жүрегіміздегі иманымызды шайып кету арқылы, қазақ деген қасиетті ұлтты жоқ қылу саясаты. Міне осы менің көзқарасым, мұны тірімде де айтамын, ертең топырақтың астында да айтамын. Себебі менің мұраларымның бәрі сол ілімді, ұлы ілімді насихаттайды», - деді ол.

Желі қолданушылары бірауыздан ақынды қолдап, әр сөзімен келісетіндіктерін жеткізген.

«Өте дұрыс айтасыз, әр сөзіңіз орынды», «Қазақта бұрын осындай болмаған, білмеймін қазіргі жастар қайдан шығарып алғанын осындайды, өз дінім, өз иманым өзімде. Бұлай хиджабқа оранғандарды өзім көп жақтыра білмеймін», «Тіпті оранғыш болып бара жатса, неге бастарына бөрік, әжелеріміз неге жаулық тақпайды екен? Өздері білмейді қазіргі жастар, қандай дінді ұстанып, қай бағытта жүргендерін», деп жазды олар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста