Басқа қиындық түскенде оқитын дұғалар
«Аллааһумма ләә сәһлә илләә маа жәъәлтәһу сәһлән, уа әнтә тәжъәлул хәзәнә ин 'шии тә сәһлән».
Мағынасы: « Уа, Алла! Өзің жеңілдеткеннен басқа жеңілдік жоқ! Сен қаласаң бұдыр жерді тегістеп, жеңіл етесің!» (Ибн Хаббан риуаяты)
«Ләә иләәһә иллаллаһу, раббуль-ъаршил-ъазыйм, ләә иләәһә иллаллааһу раббус-сәмәәуәти уа раббуль-арди уа раббуль-ъаршил-кәрим»
Мағынасы: «Алладан басқа құдай жоқ, Ол – ұлы аршының Иесі, Алладан басқа құдай жоқ, Ол – көктердің иесі, жердің Иесі және ардақты аршының Иесі» (Бұхари риуаяты)
«Йәә, Хаййу! Йәә, Қаййуум! Бирах-матикә әстәғиису»
Мағынасы: «Уа, Мәңгі Тірі! Уа, Өздігінен Тұрушы! Өзіңнен медет сұраймын!» (Термези мен Хаким риуаят еткен)
«Аллааһуммә рахмәтикә әржуу фәләә тәкилнии иләә нәфсии тарфәтә ъайн, ләә иләәһә илләә әнтә»
Мағынасы: «Уа, Алла! Өзіңнен рахым тілеймін, мені бір сәт те өзімнің нәпсіме қалдыра көрме! Менің барлық ісімді оңалта гөр! Сенен басқа құдай жоқ» (Әбу Дәуіт риуаяты)
mazhab.kz/kk/maqalalar/hadis-jane-sunnet/basqa-qiyndyq-tuskende-oqityn-dugalar-1239/