Күндердің күнінде Ахмет есімді азамат елдің дана тұлғасына келіп былай депті:
-Мен әрдайым түрлі мәселелерді ойлап уайым шегемін. Бойымдағы уайымнан қанша арыламын деп әрекет жасағаныммен нәтижесіз. Мұның шешімі бар ма? Сонда әлгі дана сөз алып:
-Сен бұл өмірге келгенде сол басыңдағы уайым бар ме еді?
—Жоқ.
-Сен бұл өмірден өткеннен кейін сол уайымдарды алып кетесің бе?
-Әрине жоқ.
—Егер бұл уайым сенімен дүниеге келмесе әрі сенімен бірге кетпесе, онда оны несіне уайымдайсың? Ең абзалы өмірдің қиыншылығына сабыр ет, төзімді бол. Себебі, саған берілетін ризық-несібең белгілі, тағдырың өлшеулі болғандықтан, қосымша бойыңа мұң тағу адам табиғатына қайшы келеді.
Адамның өмірі жеңілдіктер мен қиыншылықтардан тұратынын шынайы ұққан адам ғана ол екеуінің Жаратушы тарапынан берілген нығмет екенін ұғынады. Өйткені, жеңілдік болған жерде шүкіршілік болса, онда: «Алла Тағала шүкіршілік етушілердің сыйын береді» (әл Имран 144 аят) деген. Ал, қиыншылық болған жерде сабырлық болса, онда: «Сабырлылық танытқандар есепсіз сыйлыққа бөленеді» (Зумар 10 аят) , дегенді ұмытпаған жөн.
Сондықтан бақытты ғұмыр кешкің келсе барлық нәрсенің бетін ашып көңіл сала берме, деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы