Қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, ораза ұстаған мұсылмандар үшін ауыз ашар уақытта дастарханға қойылатын тағамдардың маңызы зор. Осы орайда NUR.KZ порталы Ihsan.kz сайтына сілтеме жасай отырып, назарларыңызға ауызашардың ас мәзірін ұсынады.
Алдымен ауыз ашқан кезде құрмамен, сумен немесе сорпа, ет қосылған көкөніс тағамы сияқты жеңіл тағамдармен ауызашарды бастау керек. Асқорытуға 15-20 минут ажыратқаннан кейін майы аз, отқа піскен етті тағамдар, бұршақ тұқымдастар, көкөніс тағамдары, салаттар, айран сияқты тағамдармен жалғастыру керек.
Ашығу кезінде адамның жүйке жүйесі, асқазаны тітіркенген жағдайда тұрады. Әлсіреп, шаршап тұрасыз. Сондай кезде, бірден қуырылған тамақ жеуге болмайды. Екіншіден, ащы тамақ жеуге тағы болмайды. Өйткені ашығу кезінде асқазандағы сөл көбірек бөлініп тұрады да, қышқыл бөлу деңгейі сәйкес келмей астың қорытылуына кері әсерін тигізеді.
NUR.KZ