Аталы сөзін асырған ақсақалдар, қайдасың?

Аталы сөзін асырған ақсақалдар, қайдасың?

Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндер азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын...
Бауыржан МОМЫШҰЛЫ

 Бауыржан атамыз осылардан қорықса, мен болсам, ұл-қызына өнегесін өсиет етіп, немерелері аталы сөздерін азық ететін аталардың азайып бара жатқанынан қорқамын.
«Қауын бағасын сұрап тұрып, оған қимаған санаулы тиынын сыраға сараңдық танытпай, жұмсауын қарашы» деп ішкі іркілген ойын сыртқа шығарған дүкен сатушысы елулерді еңсерген екі ағаны осылай деп сөкті. Кезегімді күтіп тұрған мен қос кісіге бір, сатушыға бір қарадым да қалдым... Дүкен иесі дөп басты деп айтайын десем, сол бір шүмек сыра арқылы саудасын асырып, табыс тауып отырған оның да бұл қылығы оңды емес-ау... Әлде ол үйде немересін еркелетіп отырған (еркелетіп отыруы тиіс) атаға қарағанда, «құмар суға» еліту жастарға жарасымдырақ дегісі келді ме екен, ойын түсіне алмадым. Сыра сатып алғандарға қарасам, екеуі де құрылыс басында жұмыс жасайтынға ұқсайды. Ауыр жұмыс күнінен кейінгі шаршағандарын біруақыт басқылары келген болар деп қоямын, жаман ойға қимай. Жәәә, жарар, өз еріктері ғой дедім де, дүкеннен қажетімді алып, енді шыға бергенімде әлгі екеуін тағы көзім шалды. Анасы берген он-он бес тиынды жаратып тауысқанға дейін дүкенге кіріп-шығып жүрген кішкентай қыз балаларға да қарап қысылып, қымсынбаған олар әлгінде ғана құшақтап шыққан қос бөтелкелерін дәл дүкеннің алдында судай сіміріп отыр екен. Бұл әрекетімен қаракөз қыздарына өнімсіз «өнеге» беріп, тәрбие тамырына тікен түйреп отырғандарын ойға алмаған олардың «құмар суға» құмартқандары соншалық, тым құрыса, жұрт көзінен тысқары жерге барып ішуге де шамалары келмеген тәрізді. Қоғамдық жерде спирттік ішімдік ішуге тыйым салынғандығы Ата Заңда ақ-қарадай ажыратылып көрсетілгендігін, сол үшін айыппұл салынатындығын білмейтін де болар. Сыра мен айыппұлға төленген сол тиынға балаларға бүгін балмұздақ алып берсе, әкеден мейірім, атадан шапағат сезінген болашағымыз ертең қартайған шағында қарт анасы мен қажыр-қайраты кетіп, қаужыраған қариясын қарттар үйінде қалдырмаған болар ма еді... Қысыр сөзге құлықты болып, ермегін көшеден іздеген кей қариялар бұл «қылығын» қойса, ой баққан ұлың сүрінбей, ар баққан қызың азбас еді...
Кешіріңдер, асқар тау аталарым, бәріңе бірдей күйе жақпағым жоқ. «Бір қарын майды шіріткен бір құмалақтың» мысалы ғана бұл. Көзім көргеннен түйіп, пайымдаған пікірімді қағаз бетіне ғана қалдырып отырмын, оқыған жанға ой қоса ма екен деп...
...Жалғыз нағашы әжемді көзім көрді, ал өзге ата-әжемді шеті мүжілген ескі фотосуреттерден ғана танып білдім. Анамның айтуынша, әкемнің әкесі сұрапыл да суық соғыста кеудесімен оқ тіреген батыр болып, кейін бұл ерен ерлігі үшін төсбелгімен де марапатталған. Өз әкесін де, яғни менің нағашы атамды, парыз етілген бес уақыт құлшылығын қаза етпей, оразасын үзбеген жан еді деп жиі еске алады. Тегін айтып, төс қаға мақтанғалы отыр деп ойлап қалмаңыз. Тек атамның аппақ сақалымен ойнап, арқасына «ат» қылып мініп, асыр салмасам да, әжемнің ақ жаулығына айран ішкен аузымды сүртіп, құрт-көжесін қотара ішпесем де, оларды еске алғанда есімдерін еш іркілмей айтамын, соны меңзеген едім.
Самай шаштың ағарғаны ажарларын әрлеп, қарттықтарында Алласын аузынан тастамаған аталарым, аман жүріңіздерші...

Мейіргүл ОЖЫРАЙҚЫЗЫ,
islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста