Ата-анасына қызмет еткен адамның өмірі ұзақ және берекелі болады

Ата-анасына қызмет еткен адамның өмірі ұзақ және берекелі болады

Сұрақ: Баланың мойнында ата-анасына деген қандай ақылары бар?
Жауап: Ата-ананың (әке-шешенің) баласында сексенге жуық ақысы бар. Олардың 40-ы тірі кезінде, 40-ы қайтыс болғаннан кейін орындалады. Тірі кезіндегі он ақысы дене мүшемен, оны тілмен, оны жүрекпен (көңілмен), қалған оны ақшалай өтеледі.
Дене мүшемен атқарылатын он ақысы:
1- Оларға қызмет етіп, разылығын алу. Хадисте: «Ата-анасына қызмет еткен адамның өмірі ұзақ және берекелі болады». «Дінге сай қызметтерімен ата-анасын қуантқан адам, Алланы қуантқан болады. Ал оларды ашуландырған адам, Алланы ашуландырған болады». «Ата-анасы жанында қартайғанымен (разылықтарын ала алмай) жаннатқа қол жеткізе алмаған адамдардың сағы сынсын».
Хазреті Хасан Басри Қағбаны тауаф етіп жүріп, жүк арқалаған бір кісіні көріп:
– Не үшін жүгіңмен тауаф етіп жүрсің? -дейді.
– Арқамдағы жүк емес, менің әкем. Оны Шамнан 7 мәрте арқалап әкеліп, тауаф етіп жүрмін. Себебі маған дінімді, иманымды үйретті. Мені исламның көркем мінезімен тәрбиеледі.- деп жауап береді. Сонда хазреті Хасан Басри:
– Әкеңді қияметке дейін осылай арқалап өтсең де, бір рет ренжітетін болсаң, бұл жақсылықтарыңның бәрі босқа кетеді. Егер бір рет қуантатын болсаң, осыншама қызметтердің сауабына қауышасың,- дейді.
Ата-анаға лайықты түрде құрмет көрсете білу керек, оларға қызметте кемшілікке жол бермеу керек. Хазреті Ибни Аббас: «Ата-анаңның алдында кінәлі, әлсіз, кедей бір құлдың қатал, дөрекі қожайынына деген құрметіндей бол!» деген.
Анаға құрмет және қызмет әкеден бұрын келеді. Хадистерде: «Анаға жасалған жақсылықтың сауабы екі есеге көп болады». «Бірінші анаңа, екінші әкеңе, кейін әпке-қарындасыңа, аға-ініңе, кейін ретімен қалған туыстарыңа жақсылық жаса!». «Уәйсәл Қарани бүкіл ихсандарымен дәрежелеріне анасына жасаған жақсылықтарының себебімен қол жеткізді». «Йа Расулаллаһ! Менің анам мүшрик. Оған жақсылық жасауым жаиз ба?» деп сұраған адамға пайғамбарымыз: «Иә, анаңа жақсылық жаса және оны құрметте!» деді.
Барлық пайғамбарлар өз анасынан да үстем еді. Соған қарамастан пайғамбарлар да аналарын құрметтеп, қызмет еткен. Кәпір болса да ата-анаға қызмет ету, оларды напақаларымен (тамағы, киімі, тұратын жері) қамтамасыз ету және хал-жағдайларын сұрап қонаққа барып тұру керек.
Мұса пайғамбар жаннаттағы көршісінің кім екенін Хақ тағаладан сұрап, оны іздеп барады. Ол қасапшы (ет сатушысы) еді. Қасапшы бір кесек етті алып, оны жақсылап пісіріп, ілулі тұрған себетті төменге түсіреді де, ішінде жатқан кәрі кемпірге пісірген етімен суын береді. Кейін үсті-басын тазалап, қайтадан себетке жатқызады. Қасапшы: «Бұл менің анам. Қартайып осындай халге түсті. Күндіз-түні оны осылай күтіп бағамын» дейді. Сонда қасапшының анасы: “Йа Раббым! Ұлымды жаннатта Мұса пайғамбарға көрші қыл!” деген сөзін Мұса алейһиссалам да естиді де: “Сүйінші, Алла сені Мұса пайғамбарға көрші қылды” дейді.
2- Үнемі жақсылық жасау керек. Ата-анаға сый-құрмет көрсету және жақсылық жасау парыз. Хадистерде былай делінеді: «Ата-анасына жақсылық жасаған бала пайғамбарлармен бірге жаннатқа кіреді». «Ата-анасына жақсылық жасаған адамның өмір жасы ұзақ және ризығы берекелі болады». «Ең құнды амал – уақытында оқылған намаздан кейін ата-анаға жақсылық жасау».
«Ата-анаңа жақсылық етсең, кейін балаң да саған жақсылық жасайды». «Сен де, мал-мүлкің де әкеңдікі».
3- Оларға қарсы шықпау. Хадистерде былай делінеді: «Ата-анаға қарсы шығу үлкен күнә». «Ата-анасына қарсы шыққан бала жаннатқа кірмейді». «Ата-анасына қарсы шыққан баланың өмірі берекесіз және қысқа болады».
Қашанда ата-анаға жылы сөйлеу, оларды ренжітпеу керек. Ата-анасы кәпір болса, оларды шіркеуден, шарапханадан арқалап болсын әкелу керек. Бірақ ондай жерлерге апармау керек.
Ата-анасы залым да болса, олардың айтқандарына қарсы шығуға, оларға дауыс көтеруге, дөрекі сөйлеуге болмайды.
“Ата-анам өте мейірімсіз, оларға қалай мойынсұнамын?” деген адамға расулуллаһ алейһиссалам былай деген: «Анаң сені тоғыз ай құрсағында көтерді, екі жыл емізді. Сені үлкейгенге дейін қойнында жетілдірді, қамқор болды. Әкең де сені өсіру үшін көптеген қиыншылықтарға төзді. Сенің қажеттіліктеріңді қамтамасыз етті. Саған дініңді, иманыңды үйретті. Сені ислам тәрбиесімен өсірді. Енді қалайша олар мейірімсіз болады? Бұдан асқан мейірім бола ма?» деді.
“Ей расулаллаһ, қартайған анамды өз қолыммен тамақтандырамын. Дәретін алғызып, арқалап жүремін. Осы амалыммен ақысын өтеген боламын ба?” деп сұраған адамға пайғамбарымыз былай дейді: «Жоқ, ақысының жүзден бірін де орындаған болмайсың. Ол саған аяққа тұрып кетуіңді күтіп қызмет еткен еді, ал сен оған өлімін күтіп қызмет етудесің. Бірақ Алла бұл аз ғана жақсылығың үшін көп сауап ихсан етеді». Бір кісі “Ей расулаллаһ ата-ана баласына зұлымдық етсе де олардың разылығын алмаған адам тозаққа кіре ме?” деп сұрағанында жауап ретінде үш рет «Иә, зұлым еткен болса да разылығын алмаған бала тозаққа кіреді» деді.
Олай болса әке-шеше залым болып, баласына зұлымдық етсе де, күнә істеуді әмір етсе де, оларды ренжітпеуге, ашуландырмауға тырысу керек! Күнә болған, дінге қайшы болған әмірлерін орындау керек емес. Бірақ оларды ренжітетін сөз және әрекет жаиз емес.
Ата-ана жаман да болса, олармен жақсы мәміледе болу керек! Олармен араны үзу үлкен күнә болып табылады. Ең болмағанда сәлем айтып, хат жазып, телефон шалып бұл күнәдан құтылу керек!
Құран кәрімде 3 нәрсе 3 нәрсемен бірге айтылған. Біріншісі орындалмаса, екіншісі қабыл болмайды. Пайғамбарымызға мойынсұнбаса, Аллаға мойынсұнылған болмайды. Ата-анаға шүкір етілмейінше, Аллаға шүкір етілген болмайды. Малдың зекеті берілмесе, намаздары қабыл болмайды.
4- Оларға мойынсұну, қарсы шықпау, күнә болмаған әмірлерін орындау. Мұса алейһиссалам Алладан тоғыз рет насихат сұрағанда барлығында да «Ата-анаңа мойынсұн!» деп бұйырылды. Хадисте былай делінген: «Ата-анаға мойынсұну – Аллаға мойынсұну. Оларға қарсы шығу – Аллаға қарсы шығу болады.»
Әкесіне қарсы шыққан адам бала-шағасының қызығын көре алмайды, мұратына жете алмайды, отбасымен жақсы қарым-қатынаста бола алмайды, үйінің дәм-тұзы, қызығы болмайды.
5- Оларға қатал жүзбен, қабақшытып қарамау керек. Жылы жүзбен, мейіріммен, сүйіспеншілікпен қарау керек. Ата-анасына мейіріммен, сүйіспеншілікпен бір рет қараған адам қабыл болған бір қажылықтың сауабына қауышады. Пайғамбарымыз: «Ата-анасының жүзіне мейіріммен қараған адамға қажылық және умраның сауабы жазылады.» деген. «Күніне мың рет қараса да солай ма?» деп сұралғанда пайғамбарымыз: «Күніне жүз мың рет қараса да...» деп жауап берген. Тағы бірде: «Ата-ананың жүзіне мейіріммен қарау – ғибадат» деп білдірген.
6- Оларды ренжітпеу, өкпелетпеу, разылықтарын алу керек. Хадистерде былай делінеді: «Ата-анасының разылығын алған мұсылманға жаннаттан екі есік ашылады. Ал ренжіткен адамға тозақтан екі есік ашылады». «Ата-анасының разылығын алған мұсылман не істесе де тозаққа кірмейді. Ал ренжіткен адам жаннатқа кірмейді». «Хақ тағала кейбір күнәлардың жазасын қияметке дейін кешіктіреді. Ата-анаға қарсы шығу күнәсы бұлардан тыс».
Ата-ананы ренжіту, оларды жәбірлеу үлкен күнә болып табылады. Ата-ананың ұсынған асында харам араласқан болу күмәні болса және бұл тамақтан жеуі үшін баласын мәжбүрлесе, баланың ол тамақты жеуі керек болады. Себебі күмәнді нәрселерден қашу уәраға жатады, ал ата-ананың разылығын алу уәжіп болып табылады. Бірақ дінге қайшы болған әмірлері орындалмайды. Мәселен: “Арақ іш, намаз оқыма, әйтпесе біз ренжиміз” десе, мұндай харам болған айтқандары істелмейді. Өйткені “Аллаға қарсы шыққан істе құлға бағынылмайды.” деген әмір бар. Хақ тағала “Анкәбут” сүресінің сегізінші аятында: «Біз адамға әке-шешесімен жақсы мәміледе болуына кеңес бердік. Егер олар саған білмеген нәрсеңде Маған ортақ қосуың үшін мәжбүрлесе, оларға бағынба» деп бұйырған. Ата-анасы күнә істейтін бала оларға бір рет насихат айтады. Егер насихатын тыңдамайтын болса, одан кейін үндемейді және олар үшін дұға етеді.
7- Олардың рұқсатынсыз сапарға шықпау. Қажылыққа барарда мұқтаж болмаған ата-анадан рұқсат сұрау сүннет. Ата-анасы мұқтаж (кедей) болса, олардың рұқсатынсыз қажылыққа бару харам болып табылады. Ата-анасы мұқтаж болмаса, парыз болған қажылыққа олардың рұқсатынсыз бара алады. Бірақ нәпіл қажылыққа ата-анасының рұқсатынсыз бара алмайды.
Жиһад үшін рұқсат сұраған адамның ата-анасының тірі екенін естігенде пайғамбарымыз: «Осында қал! Оларға қызмет ет! Оларға қызмет етуің – жиһад болып саналады» деп бұйырды.
Жиһадқа бару үшін рұқсат сұрап келген басқа бір адамға да былай деді: «Анаңның қасынан айрылма! Жаннат оның аяғының астында» деді.
Хижрат ету үшін шыққан бір кісі, пайғамбарымызға келіп: «Йа расулаллаһ! Ата-анамды жылатып келдім» дегенінде пайғамбарымыз бұл жағдайға ренжіп: «Дереу үйіңе бар! Оларды жылатқан болсаң, енді көңілдерін тап (қуант)!» деді.
Ата-ананың үйіне (қонаққа) бармау (олармен араны үзу) үлкен күнә. Хал-жағдайларын сұрап барып тұру керек. Бара алмаған жағдайда ең болмаса хат жазып, сәлем жолдап бұл күнәдан құтылу керек.
8- Оларға лайықты түрде сый-құрмет көрсету. Хадисте: «Үлкенге құрмет көрсетпейтіндер бізден емес» делінген. «Ата-анаға құрмет бақытсыз адамды бақытты қылады. Өмір жасын ұзартады және оны жаман өлімнен сақтайды».
Оларды көргенде дереу түрегеліп, қастарына бару керек, олар отырғанша түрегеп тұру керек, олардың рұқсатынсыз отырмау керек. Отырған кезде де әдептілік сақтау керек, олардың алдында аяқты айқастырып немесе созып отыруға болмайды. «Болса да маған ешнәрсе демейді» деп мұндай әдептіліктерді назардан тыс қалдырмау керек.
9- Көшеде жүргенде арттарынан жүру. Еш қандай себепсіз алдарына түсіп жүрмеу керек.
10- Шақырған кезде дереу қастарына барып “тыңдап тұрмын!” деп айту. Ата-ана шақырған кезде парыз намазын бұзу жаиз болғанмен аса қажеттілік болмаса бұзбауы керек. Ал сүннет намаздарды бұзуға болады. Хақ тағала былай деген: «Ей Мұса! Менің дәргейімде өте ауыр және өте үлкен бір күнә бар. Ол – ата-ана шақырған кезде әміріне бағынбау».

Тілмен жасалатын он ақысы:
1- Жылы сөйлеу, қарапайым болу, «уф» деп айтпау. Хақ тағала былай деп бұйырған: «Біз адам баласына әке-шешесіне жақсылық жасауларына кеңес бердік». «Раббың тек Өзіне ғана ғибадат етулеріңді және әке-шешелеріңе жақсылық етулеріңді әмір етті. Егер олардың бірі немесе екеуі де жаныңда қартайса оларға «уф» деуші болма, ауыр сөз айтпа, оларға сыпайы және жылы сөйле, оларға жанашыр бол, қарапайым бол. Ол екеуіне мейірімділік құшағыныңды жай да: “Йа Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымнан тәрбиелеп жетілдіргеніндей, сен де оларды рахымдылығыңа бөле!” деп дұға ет!» Хазреті Хасан Басри былай деген: «Бір ғалым адамның әке-шешесі кәпір болса, құдықтан су әкеліп беруі үшін оған мұқтаж болып, ол да бірнеше рет шелекпен су акеліп жүріп «уф» десе барлық амалдарының сауабы жоқ болады».
2- Сөйлескенде даусын олардың даусынан жоғары көтермеу.
3- Олардың жандарында көп сөйлемеу, әдептен аспау. Ата-анасы білетін нәрселерін айтса да «тағы сол әңгіме ме?» деместен, ешқашан естімеген адамдай тыңдау керек.
4- Дөрекі, (жаргонды) сөздермен сөйлемеу, тигізіп айтпау. Мысалға екі баласы бар адамның бір ұлы екіншісін меңзеп: «Ұлыңыз сөйтті. Егер мен солай етсем, қияметті қопарар едіңіз!» немесе «Апа немереңізді қатты еркелете бермеңіз, төбемізге шығып барады. Тілімізді алмай кетті!» деген секілді сөздермен ата-ананы ренжітуге болмайды. Ата-анасының көзінше баласына ұрысуға, ұруға болмайды. Мұндай нәрселер ата-ананы қатты ренжітеді.
5- Әйелін олардан жоғары тұтпау. Пайғамбарымыз с.ғ.с былай деген: «Әйелін анасынан жоғары тұтқан адамға лағнет болсын! Оның парыз болған және басқа да ғибадаттары қабыл болмайды».
6- Аттарымен атап шақырмау, сөздерін бөлмеу және сөздерінің арасына кірікпеу, білгішсінбеу. Ата анасы қате айтса да “олай емес” деп қарсылық көрсетпеу.
7- Ата-ананың арасын ашатын сөздерден, іс-әрекеттерден ұзақ тұру. Ата-ана мен ұлының немесе қызының арасын ашатын істерден ұзақ тұру. Әсіресе келіндер ата-ана мен баласының арасын суытатын сөздерден алыс тұруы керек. Пайғамбарымыз с.ғ.с: «Анасы мен ұлының арасын ашатын адамға лағнет болсын!» деп бұйырған.
8- Сөйлегенде “істе, істеме” деген сияқты бұйрық раймен сөйлемеу. “Істеп бере аласыз ба?” деген сияқты өтініп сөйлеу.
9- Игі, ізгі дұғаларын алу. Әке-шешенің дұғасын үлкен ғанибет, олжа деп білу керек. Хадистерде: «Үш адамның дұғасы қабыл болады. Әке-шешенің, зұлымдыққа ұшыраған адамның және қонақтың дұғасы» делінген. «Әке-шешенің дұғасы иләһи хижабқа жетеді, дұғалары қабыл болады».
10- Бетдұғаларын (қарғыстарын) алмау керек. Хадистерде былай делінеді: «Әке-шешенің баласына және зұлымдық көрген адамның залымға жасаған бетдұғасы (қарғысы) қайтарылмайды». «Өздеріңе, бала-шағаларыңа және мал-мүліктеріңе бетдұға етпеңдер! Дұғалардың қабыл болатын уақытқа тура келіп бетдұғаларың қабыл болады».
Әке-шешең шақырған кезде не жұмыс істеп отырған болсаң да дереу оны тастап әке-шешеңнің әміріне жүгір. Әке-шешең саған ашуланып айғайласа да оларға ешнәрсе деме! Әке-шешеңнің дұғасын алғың келсе, саған әмір еткен істерді тез және әдемі түрде орындауға тырыс! Бұл ісіңді ұнатпай, саған ренжіп қалуынан және бетдұға етулерінен қатты қорқ! Саған ренжіген болса, оларға қатты сөйлеме! Дереу жылы сөйлеп, көңілдерін жайландыр! Әке-шешенің көңілдеріне мұқият бол! Өйткені сенің бақытың мен пәлекетің олардың көңілдерінен туатын сөзге байланысты. Әке-шешең ауру болса, кәрі болса, оларға көмек бер! Бақытыңның кілті олардан алатын ізгі дұғаларда екенін біл! Егер оларды ренжітіп бетдұғаларын алсаң дүниең де ахыретің де опат болады. Атылған оқ кері қайтпайды. Олар тірі кезде қадірін біл!
Жүрекпен (көңілмен) жасалатын он ақысы:
1- Оларға жанашыр, мейірімді болу. Хадисте былай делінген: «Мейірімділік етпеген адамға мейірімділік етілмейді. Жаны ашымаған адамға, жан ашылмайды».
2- Оларды жақсы көру. Әр реті келгенде ата-ананың қолын сүйіп тұру, жақсы көретінін білдіріп тұру. Хадисте: «Анасының аяғын сүйген адам жаннаттың есігін сүйген болады».
3- Қуаныштарына ортақ болу. Бір нәрсеге қуанса, «Қандай жақсы болған. Құтты болсын!» деген сияқты сөздермен қуанышын білдіру.
4- Қайғы-мұңдарына, дерттеріне ортақ болу. Бір нәрсеге қамыққанын, ренжігенін көргенде «ренжімеңіз, уайымдамаңыз» деген сияқты сөздермен көңілін алу, өзіңнің де бұл жағдайға ренжігеніңді білдіру керек.
5- Көп сөйлегендері үшін оларға ренжімеу. Ренжісе де ренішін оларға білдірмеу.
6- Сөгістеріне, ұрсуларына, жазғыруларына ашуланбау. Ешнәрсе болмағандай, сөздерін естімегендей жүру.
7- Олардан разы болу. Олардың разылығын алуға тырысу.
8- Оларды ренжітуден қатты қорқу. Исра сүресінің 23-ші аяти кәримасында ата-анаға жақсы мәміледе болу, оларға жылы және жұмсақ сөйлеу керектігі әмір етілген. Ғафылдыққа салынып ата-ананыңды ренжітсең, дереу разылығын ал! Жалын, жалбарын, қалай да болса олардың көңілін табуға тырыс!
9- Назданбау керек. Қайта олардың назын көтеру керек. Өйткені кішкентай кезімізден біздің еркеліктерімізді, назымызды көтеріп келді. Ендігі олардың еркелейтін кезі келді.
10- Олардан жәбір көрсе де, қиындық көрсе де, «осылар өлсе екен, бұлардан ертерек құтылсақ екен» деп ойламау керек, ұзақ өмір сүрулерін тілеу керек. Олар бізден көптеген қиындықтар, машақаттар шексе де, біздің өмір сүруімізді қалады. Өздері аш қалған күнде де, бізді тойғызды.
Мал-мүлікпен, ақшамен өтелетін он ақысы:
1- Киімді өзіңнен бұрын оларға алып беру. Тамағыңның ең жақсысын оларға бер.
2- Алыста тұратын болса, хал-жағдайын сұрап барып тұру. Ата-ананың және махрем туыстарының үйіне барып тұру уәжіп. Ең болмаса, хат жазып, сәлем жолдап тұру керек. Қонаққа барудың реті мынадай: ана, әке, бала, ата, әже, бауыр, әкенің аға-іні, әпке-қарындастары, ананың аға-іні, әпке-қарындастары.
3- Тамақты бірге отырып жеу.
4- Не қалайтындарын сұрап-біліп оларды қамтамасыз ету.
5- Үйлерін тазалау, сырлау, жөндеу.
6- Ақша беріп тұру. Ақша қажет болып бірақ сұрауға қысылып жүрген болулары мүмкін.
7- Мал-мүлікті, ақшаны олардың еркіне беру. «Қашан керек болса да, не істеймін десеңіз де мал-мүлкім, ақшам сіздер үшін пида болсын» деу. Ашуланған кездері болса, осындай жолдармен оларды жұбату, көңілін аулау керек. Ата-анаға жұмсалған ақшаның сұрауы болмайды. Мұқтаж болған ата-анаға көмектесу парыз болып табылады. Құран кәрімде былай делінеді: «Әке-шешеңе, туыстарыңа, жетімдер мен кедейлерге, жолаушыларға напақа беріңдер!» Кімге напақа беретінін сұраған адамға пайғамбарымыз: «Алдымен өзіңе, әке-шешеңе, кейін әйелің мен бала-шағаңа, қызметшіңе, одан кейінгілерін өзің біле жатарсың» деді. Әкесі сырқаттанып, қарайтын ешкімі болмаса, қызы күйеуінің рұқсатынсыз барып қызмет етуіне болады. Зимми (мұсылман емес) әке үшін де үкім осылай. Бірақ бала бай болған әкесіне қарауға мәжбүр емес. Бай адамның әке-шешесі кедей болса оған напақа беруі парыз болады. Кедей адамның әке-шешесі де кедей болса, оларға напақа беруі парыз емес. Оларды өз үйіне алып бірге тұруы керек. Әке-шешенің біреуіне жақсылық жасағанда екіншісі ренжитін болса, әкеге құрмет етіп, бағыну керек, анаға қызмет етіп, жақсылық жасап көмектесу керек.
8- Анда-санда тәтті тағамдар әзірлеп шақырып тұру керек. Көңілдері қалап тұрса да айта алмауы мүмкін.
9- Достарын дос деп біліп шақыру, олардың да көңілдерін аулау. Дұшпандарынан да ұзақ тұруға тырысу керек.
10- Ауырған кездерінде емдеу жолдарын қарастырып, дәрі-дәрмек алып беру. Күтуші, қызметші жалдаудың орнына тікелей өзі қызмет етуге тырысу керек.
Қайтыс болғаннан кейінгі қырық ақысы:
1- Жерлеу ісіне ерте қамдану.
2- Мәйітті сүннетке сай жуу. Бұл істі білетін жақсы бір адамдарға жудыру.
3- Сүннетке сай кебіндеу.
4- Дінімізде жаиз болмаған кебін жасамау.
5- Матаның сүннет болған мөлшеріне мән беру. Ерлерге үш бөлік матадан артық қолданбау.
6- Кебіндеу ісінде матаны ысырап етпеу.
7- Кебінді халал ақшамен алу.
8- Жаназа намазын өзі білсе, өзі оқу. Бидғатшыларға оқытпау.
9- Оларға әрдайым дұға ету. Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Әке-шешесіне дұға етпейтін адамның ризығы кесіледі».
10- Мәйітін топыраққа өзі қою.
11- Мазарды қазған және қызмет еткен адамдарды разы ету.
12- Жақсы және салих адамдардың қасына жерлеу.
13- Жаман адамдардың қасына жерлемеу. Өйткені жаман көршіден олар зардап шегеді.
14- Қабірдің үстін балықтың пішініндей етіп, дөңес қылып үю.
15- Топырақтан құйылған кірпіш қолдану.
16- Күйдірілген кірпіш қолданбау. Шеге, кірпіш секілді отқа күйдірілген нәрселерді қабірдің ішіне қолдану мәкруһ. Қабірдің үстін, сыртын кірпіш және мәрмәр таспен қоршау жаиз.
17- Қабірінің басында садақа беру.
18- Қабірінің басында дұға ету. (Садақа мен дұғаны кешіктірмеу).
19- Қарыздарын төлеу.
20- Талқынын өзі айту. Кәлимаи тәуһид немесе тәһлил дегеніміз “лә илаһә иллаллаһ” деген сөз. 70 мың рет кәлимаи тәһлил айтуға “хатми тәһлил” делінеді. Мазхар Жан-и Жанан хазреттері бір қабірдің басына отырғанында: «Бұл қабірде жаһаннам оты бар. Хадис шәрифте: «Өзі үшін немесе басқа мұсылман үшін 70 мың кәлимаи тәуһид айтқан адамның күнәлары кешіріледі» делінген. Бұл адамның рухына хатми тәһлил сауабын бағыштаймын. Иншаллаһ, кешірілер» деді.
21- Исқатын дереу өтеу. Өлген адамның ораза және намаз қазалары үшін оның орнына ешкім намаз оқи алмайды және ораза ұстай алмайды. Хадисте былай делінген: «Біреудің орнына біреу ораза тұта алмайды және намаз оқи алмайды. Алайда оның ораза және намаз қазалары үшін кедей адам тойдырылады».
22- Мазардың басындағы тасқа жаиз болмаған сөздер жазбау. Мәселен: Фатиха, Бисмилләһ немесе аяти кәрималар жазу жаиз емес. Латын әріптерімен жаиз болған нәрселер де жазылмайды. Адамдар ұзақ уақыттан бері солай жазып келсе де жазуға болмайды.
23- Өсиеттерін орындау. Дінге қайшы болған өсиеті орындалмайды.
24- Намаздардан кейін дұға етіп, сауаптарын олардың рухтарына бағыштау. Хадисте былай делінеді: «Ата-анасына қарсы шыққан бала, қайтыс болғаннан кейін олар үшін дұға етсе, Алла тағала оны ата-анасына мойынсұнғандардың қатарына жазады».
25- Сауабын оларға бағыштап ораза тұту.
26- Сауабын оларға бағыштап қажылыққа бару. Көптеген ғалымдардың үкімі бойынша сауабын әке-шешесінің рухына бағыштап қажылыққа бару жаиз. Хадисте былай делінген: «Сауабын қайтыс болған әке-шешесінің рухына бағыштап қажылыққа барған адамның өзіне де, әке-шешесіне де қажылыққа барудың сауабы беріледі. Әке-шешесінің рухына сүйінші беріледі».
27- Сауабын оларға бағыштап садақа беру. Хадисте былай делінген: «Садақа бергенде неге сауабын мұсылман әке-шешелеріңнің рухына бағыштамайсыңдар? Бағыштасаңдар берген садақаның сауабы олардың рухтарына берілгеніндей ол сауаптан мүлдем азаймай сендерге де жазылады».
28- Қабірлерін зиярат етіп, Құран кәрім оқу. Хәдисте былай бұйырылды: «Әке-шешесінің немесе басқаның қабірін ықыласпен және Алла тағаладан күнәларын кешіруін үміт етіп зиярат еткен адамға қабыл болған қажылықтың сауабы беріледі және мұны әдет қылған адамның қабірін періштелер зиярат етеді».
29- Қабірлерін жұма күні зиярат ету. Хадисте былай делінеді: «Ата-ананың қабірін жұма күндері зиярат еткен адамның күнәлары кешіріледі және ақыларын өтеген болады».
30- Зиярат еткенде дұға және Құран кәрім оқу, орынсыз сөздер сөйлемеу.
31- Тірі кездерінде ренжіген болса, баласы салих болса одан разы болады. Олардың үйреткен жақсы нәрселерімен амал еткен сайын сауабы оларға да жазылады.
32- Олардан үйренген жамандықтарын ұстанатын болса, әрбір жасаған күнәлары үшін оларға да күнә және азап беріледі. Сондықтан олардан немесе олардың себебімен үйренген жаман нәрселерді тәрк ету. Өзінің жаман әрекеттерімен қабірде оларға азап бермеу.
33- Әке-шешеге тіл тигізбеу. Хадисте: «Ата-анаға тіл тигізу үлкен күнә» делінген. Яғни біреудің әке-шешесін балағаттасаң, сенің де әке-шешеңді балағаттауы мүмкін.
34- Әке-шешенің ағайын-туыстарымен де жақсы қарым-қатынаста болу. Хадисте былай бұйырылған: «Қайтыс болған әке-шешесіне дұға және истиғфар ету, қарыздарын өтеу, достарын құрметтеу, жақын туыстарымен араласып тұру және олармен жақсы қарым- қатынаста болу арқылы оларға сый-сияпат етіңдер».
35- Достарының хал-жағдайын сұрап бару. Хадисте былай делінеді: «Әкесі қайтыс болғаннан кейін оның достарына (жағдайын сұрап, қонаққа) барған адам ең үлкен жақсылықты жасаған болады».
36- Достарымен араласып тұру. Хадисте: «Жақсылықтардың ең жақсысы әкенің досын құрметтеп, оған қамқор болу» делінді.
37- Рамазан айтта сауабын оларға бағыштап пітір садақа беру.
38- Құрбан айтта сауабын оларға бағыштап құрбандық шалу.
39- Ата-ананың жақсы көретін тағамын пісіріп, кедейлерге таратып (ас беріп), сауабын рухтарына бағыштап, оларды қуанту.
40- Жамандықтарын айтпау. Хадисте былай бұйырылды: «Өлген адамдарыңды жақсылықтарымен еске алыңдар! Олардың жақсылықтарын айтып, жамандықтарын жасырыңдар!».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста