«Асхаб әл-Бәдір» деген кімдер?

«Асхаб әл-Бәдір» деген кімдер?

Асхаб әл-Бәдір деп Бәдірде мұсылмандар мен пұтқа табынушылардың арасында болған Ислам тарихындағы алғашқы шайқасқа қатысушылар ғана аталады. Бұлар мұсылмандар арасында ерекше құрметке ие әрі пайғамбардың (с.ғ.с.) ең беделді сахабаларының қатарына жатады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Бәдір шайқасы 624 жылы – Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккеден Мединеге қоныс аударғаннан кейін Құрайыш тайпасымен болған әуелгі ұрыс.

 

Шайқасқа пайғамбармен бірге қоныс аударған муһажирлер мен мәдиналық ансарлар қатысты. Бұл шайқаста мұсылмандар жеңіске жетіп, Ислам қарсыластарының көбі жер жастанды.

 

Жасақтың бастапқы мақсаты Әбу Суфиан бастаған керуенді басып алу болатын. Бұны естіген құрайыш тайпасы 950 адамнан құралған әскер жинап, қарсы шығады.

 

Мұсылмандардың саны 313 адам болатын. Екі жақтың әскері Бәдір құдықтары орналасқан аймақта кездесті.

 

Құран бұл жайында: «Бәдір соғысында дұшпаннан аз және әлсіз болған кезде Алла Тағала сендерге көмектесті және нақты жеңіс берді. Алладан қорқыңдар, шүкір еткен боласыңдар», – деп баяндайды («Әли Имран» сүресі, 123).

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста