- Мен саған құлшылық етуіңді өсиет қыламын. Өйткені Аллаға жалбарыну жақсылық атаулының басы.
- Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін. Бұл сен үшін аспандағы нұрмен, жердегі жарық сәулемен тең болмақ.
- Пайдасыз сөздерді көп қолданба. Сонда сенен шайтан алыстайды, дін жолындағы істеріңе жеңілдік туады.
- Көп күлуден сақтан. Ол адамның жан сарайын бүлдіріп, жүзіне көлеңке түсіреді.
- Дініңе ең қажетті нәрсені ізде. Өйткені ол – менің қауымымның басталар жері.
- Егер жақын адамдарыңның өзі тастап кетсе, сен олардан безбе, араласып тұр.
- Шындық қанша ащы болса да Алланың аты үшін оны ауызға алып тұр.
- Жаман адамдардың қастандығынан қорықпа.
- Өз кемшілігіңді бағдарла және өзгенің кемшілігін таратпа.
- Қашанда шындықты жақта. Өйткені жұмақта шыншылдық пен ізгілік қатар жүреді.
- Өтірік айтудан аулақ бол. Тозақтағы зұлымдықтың өзі өтірікпен тамырлас.
- Алла тағаладан әрдайым деніңнің саулығын сұра. Өйткені адам баласына иманнан кейінгі берілген ең үлкен сый – денсаулық.
- Бір-біріңе өшпенділікпен көз алартпаңдар, ұрыспаңдар, бөлінбеңдер, біріңнен бірің безінбеңдер. О, Алланың пенделері, Алла тағала әмір еткендей бауыр болыңдар!
Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өсиеті
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора