Ақиретте мұсылмандар араздасқаны үшін де сұралады

Ақиретте мұсылмандар араздасқаны үшін де сұралады

Кешірім – кешірген адамның дәрежесін көтеріп, барар орнын ұлық етеді. Кешірімді адам біреуге зиянын тигізбейді, өзгеге көмек беруге дайын тұрады. Кімде-кім кешірімшіл болса, бұл дүниеде – бақытты, ал ақиретте сый көреді. Әсілінде, кешірімшіл болу – көркем мінезділіктің белгісі.

Бұл жайлы қазақтың біртуар тұлғаларының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы былай дейді:
Біреудің мінін кешірсең,
Құдай да сені кешеді.
Бірін де қылмай есірсең,
Төбеңді әлі-ақ теседі.
Көңілі жұмсақ адамның,
Күрмеуін тағдыр шешеді.
Пейілі жаман адамның,
Орыны дайын деседі.

«Кешірімділік – анадан, кішіпейілділік – данадан» деген қазақ халқы асыл қасиеттерді Ислам дінінің құндылықтарымен байланыстырған. Сондай-ақ, «Жақсылыққа жақсылық - әр  кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі» деген де сөз бар.
Дініміздің талабы бойынша, араздасқан екі мұсылманның өкпе-реніші үш күннен аспауы керек. Ол үшін сіз  ренішіңізді ұмытып, шын жүректен Алла үшін кешіруіңіз керек. Мұсылмандар бір-бірімен мүміндігінше араздаспағаны абзал. Өйткені мұсылмандар – бір-біріне бауыр. Ақиретте мұсылман бауырларымен араздасқаны үшін де сұралады.

mazhab.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста