Бір миллиардер адам дүниеге әбден мастанып:
– Құдайың маған не істей алады? Ауру бере ме? Берсін. Бүйрегімді ауыртса, оны ауыстырам. Мына заманда жүректі де ауыстыра салуға болады. Ақша болса болды. Ендеше Құдайың мен болам! - деп лепіреді.
Бір күні үлкен, қалың сейфінің ішіне кіріп ақша санап рахаттанып отырғанда, сейф есігі жабылып қалады. Кодпен ашылатын ол "итіңнің" тілін өзі ғана білетін. Сейфтің қалыңдығы сонша, оның ішіндегі дауыс сыртқа шықпайтын.
Сонымен, көп ақшасының ортасында, бір жұтым ауаға зар болып бейшара миллиардер ажал құшады. Сонша дүниесі оның жанына араша бола алмайды.
Өлімде тұрған ештеңе жоқ, өлімнен кейінгі жағдайын айтсаңшы!.. Аңдамай сөйлеген ауырмай-ақ өледі деген осы да!
www.islam-atyrau.kz