Анасының аяғын жуып, оның видеосын желіге салу күнә - Имам

Анасының аяғын жуып, оның видеосын желіге салу күнә - Имам

Соңғы уақытта анасының аяғын жуғанын видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге салатындар көбейді. Ал имам Нұрлан Байжігітұлы анасына осылай құрмет көрсетіп сауап аламын дегендердің бұл ісі қате екенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы имам өзінің Instagram парақшасында бейнежазба салды. Айтуынша қазір анасының аяғын жуып оны әлеуметтік желіге салу сәнге айналып бара жатыр.

 

Шетелден бір кісі бастап берді. Мүмкін, ол үлгі болсын деген ниетпен бастаған шығар. Жасайтын болсаң, көрсетпей жаса. Біреу анасының аяғын жуайын десе анасы жоқ. Жүрегін ауыртпа оның, — дейді имам.

 

Нұрлан Байжігітұлы кейбір жігіттердің әлеуметтік желі, хайп үшін ғана анасының аяғын жуатынын, ал былайғы күндері анасына қарсы сөйлейтінін айтады.

 

Аяғын шешіп, саны мен балтырын бүкіл дүние жүзіне көрсеткен сауап емес, күнә. Ананың батасын алу аяғын жуу емес. Осыны түсініп алу керек, — дейді Нұрлан Байжігітұлы.

 

Оның айтуынша, кейбір балалар ата-анасына істеген жақсылығын міндет қылады.

 

"Шубаңды, бриллиантыңды, білезігіңді әпердім" деп жақсылығын жасап, міндет қылады. Бұлай жасағанша, жасамай-ақ қой. Қақпалақтап "отыр", "жүр" деп сілкілейтін балалар бар. Сілкілемеңіз. Сауаптарыңыз сілкіленіп, бәрінен ажырап қаласыздар. Бала ата-ананың алдында қалай тұруы керек? Аңшы құсты атқан кезде әлгі құс құтыла алмайтынын біліп, жарақаттанып, қанаты сынып, ұша алмай сондай әлжуаз күйде тұрады. Бала ата-ананың алдында солай тұруы керек. Ал біздікілер кекірейіп тұрады, — дейді имам.

 

 

Имам баланың тіпті ата-ананың бетіне тіке қарауына болмайтынын айтқан.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста