Алматы тұрғыны велосипедпен Меккеге аттанды

Алматы тұрғыны велосипедпен Меккеге аттанды. Қазір Шымкентте жүрген Талғат Жұмабеков бұл жайлы көп уақыттан бері жоспарлап жүрген. Алайда, реті келмеген деп жазады Nur.kz.

Ол велосипедпен Меккеге жету үшін екі ай уақыт кететінін есептеп қойған. Өзімен бірге азық-түлік, фотоаппарат, дәрі-дәрмек, Құран кітабын да алыпты. Жол бойы оқып бармақшы. Бірақ ол өзімен бірге қанша ақша алып шыққанын айтқысы келмеді.

«Қасиетті Меккеге велосипедпен бару мен үшін қуаныш. Велосипедім де мұндай ұзақ жолдарға шыдайды. Бұйырса, Меккеге екі ай жүріп барамын. Ақпан айының аяғына қарай жетемін деп отырмын. Ештеңеден қорықпаймын. Тек бір Аллаға сенемін», - дейді шабандоз кісі.

Алайда, Меккеге виза аштыру мәселесі біраз қиындықтар туғызғанын айтады. Жақын күнде виза да дайын болады екен.

Ер адам продюсерлік орталықта жұмыс істеген. Хореограф та болыпты. Уақыт өте келе дүниежүзін шарлағысы келетінін түсінген. Екі ұлы да әкелеріне қолдау білдіріпті. Өзінің айтуынша, осы уақытқа дейін ол бірнеше мемлекетті велосипедпен шарлап үлгерген. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста