Алланы «Құдай», «Тәңір» деп атауға болама?

Әсілі, «Алла» сөзі айырықша есім. Оның орнын басқа ешбір сөз баса алмайды. Құран кәрімде «Алла» атауы ең көп (2800) рет айтылған.

Әйтсе де, Құран кәрімде Алла-Тағала «Рабб», «Илаһ», «Мәула» деген атаулармен де аталған. Тегі, арабтар жаһилиет дәуірінде пұттарға да осы атауларды қолданған еді. Тіпті, Құран Кәрімдегі: «Илаһтарының оларға ешқандай пайдасы болмады» (Һұд, 101), «Пұттарды илаһ деп санадың ба?» (Әнғам, 74) деген аяттарда пұттарға «илаһ» атауы қолданылған. Осы себептен де, Құран кәрімде өткен Хақтың «Рабб», «Илаһ», «Мәула» және т.б. «Алла» сөзінің орнына қолданылған атауларға қатысты мутакәллимдер арасында пікірталас жоқ.

Сонымен қатар, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінде Ұлы Жаратушының 99 есімі (әсма-й хусна) аталған. Ғұламалар «әсма-й хуснадағы» есімдер Хақ тағаланың көркем есімдері мен сипаттары болғанымен, дәл «Алла» сөзінің орнын баса алмайды. Бірақ, «Ең әдемі есімдер Алланыкі. Аллаға бұл есімдермен дұға етіңіз» (Ағраф, 180) деген аятты негізге алып, Алланы «әсма-й хуснада» көрсетілген есімдермен атауға болатынын айтады. «Алланың» орнына «Құдай» және «Тәңір» деген басқа атауларды қолдануға бола ма деген мәселеде мутакәллимдердің көзқарасы екіге бөлінген. Имам Әшғаридің көзқарасынша наста (Құран мен Сүннет) өтпеген атауды Алла сөзінің орнына қолдануға болмайды. Имам Шафиғи да осы пікірді жақтаған.

Муғтазали мен Кәррами мәзһабының өкілдерінің пайымынша Алланың мағынасын беретін өзге тілдегі атауды қолдануға болады. Әл-Бақиллани әшғари ақидасында ұстанса да «Алланың мағынасын беретін өзге тілдердегі атауды қолдануға болады» деген көзқарасты құптаған. Имам Тафтазани насты жақтағанмен, бұл мәселеге қатысты нақты пікір білдірмеген. Түркі тілінде жазылған діни еңбектер Ж.Баласағұнның «Құтадұғу білік», А.Йүгінекидің «Ақиқат сыйы», Қ.А.Ясауидің «Диуани-хикметінде» Алланы «Тәңір» және «Құдай» деп атаған жыр жолдары кездеседі. Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ы.Алтынсаринның «Шарайт-ул ислам», А.Құнанбаевтің «Тасдиқ», Ш.Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» рисалелерінде де Алланы – «Тәңір» және «Құдай табарака уа тағала» деп атаған.

Халқымыздың сөйлеу дәстүрінде де Алланы «Тәңір» және «Құдай» деп атау жиі ұшырасады. Ескіден осындай үрдістің бар екенін ескерсек, Алланы «Тәңір» және «Құдай» деп атаудың сөлекет емес екенін аңғаруға болады.

Мұхан Исахан
mazhab.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста