Алланы еске алған адамдарға періштелер де қызығып қарайды...

Алланы еске алған адамдарға періштелер де қызығып қарайды...

Сүйікті пайғамбарымыз, Алланы жақсы көру туралы, дін туралы әңгімелесіп отырған жерлерге періштелердің де қызығып қарайтынын былай білдірген:
«Алла тағаланың жер бетінде жүретін періштелері бар. Дін туралы әңгімелесіп отырған бір жамағатты көрген кезде достарын шақырып былай дейді:
- Келіңдер іздегеніміз мына жерде екен.
Барлығы келіп, мейіріммен оларды қоршап алады. Көптігі соншалық, көкке дейін жетеді. Құлдарының әрбір ісін білуші Алла тағала олардан сұрайды:
- Құлдарым не істеп жатқан еді?
- Олар Саған шүкір, тәсбих айтып, зікір етіп жатқан еді.
- Менен не сұрап жатыр?
- Жаннатты сұрап жатыр.
- Олар жаннатымды көрген бе?
- Жоқ көрмеген.
- Егер көргенде не істейтін еді?
- Жаннатты көргенде одан да көп сұрайтын еді.
- Олар неден қашып жатыр?
- Тозақтың отынан.
- Тозақтың отын көрген бе?
- Жоқ көрмеген.
- Егер көргенде не істейтін еді?
- Егер оны көргенде, одан да қатты қорқатын еді.
- Ей періштелерім, сендер куә болыңдар, мен оларды кешірдім.
Періштелер:
- Олардың арасындағы біреуі, ілім үйрену немесе ғибадат ниетімен емес, басқа бір мәселемен келген еді, ол да кешіріле ме?
Алла тағала былай дейді:
- Олар сондай бір жамағат, олармен отырған адам шақи (тозақтық) болмайды, жаһаннамға кірмейді.
Бұл сүйіншіге қауышу үшін, бірнеше адам жиналған кезде маңызды діни білімдер туралы сөйлесу керек. Мұндай мүмкіндікті ғанибет деп білу керек.

Facebook-тегі «Ғибратты әңгімелер»
парақшасынан алынды

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста